Құрметті ұстаздар, ата-аналар! Қымбатты оқушылар!
Биыл ел тарихында, әлемдік тәжірибесінде кездестірмейтін ұлағатты оқиғаның куәсі болудамыз. Ол Абай күні мемлекеттік мерекесінің бекітілуі. Иә, адамзаттың шежіресінде жаратушының айырықша ықыласымен кемеңгер көсем адамдардың мыңжылда бір туатындығын ойласақ, Абайдай данағой дүниеге келуі қазақ халқының мандайына бұйырған қайталанбас бағы дегеніміз абзал.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Абай және ХІХ ғасырдағы Қазақстан» мақаласындағы негізгі тұжырымдарының бірі «Абай біздің ұлт болып бірігуімізге, ел болып дамуымызға жол ашатын қастерлі құндылық». Ендеше Абай жылы барысында бүкіл халықтың от ұстазы алдында есеп беруі қажет. Расында, біздер осы уақытқа дейін абыз өсиетіне қаншалық құлақ астық, қай тұрғынды орындадық, нені түсініп, нені түсінбедік, қай кемшілігімізді, мінімізді түсе алдық.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысымен 10 тамыз - Абай күні болып белгіленген.
Осыған орай жыл көлемінде қазақ әдебиетін негізін қалаушы, қазақтың ұлы ақыны, ойшыл Абай Құнанбаев жайлы Қызылжар орта мектебінің ұстаздары мен оқушылары іс-шаралар, әдеби кештер ұйымдастырды. Онлайн режимде туындылары оқылып, жатталып «Абай оқулары» байқауы өткіздік.
Абай өз шығармаларымен қазақ халқының ақыл-ой, жан-жүрек қазынасын ғаламат байытқан дана ақыл ретінде әлемдік өркениеттен ойып орын алған ренессанстық тұлға. Ұлы Абай сол биікке өзімен қоса туған ұлттың да өрлетіп, төрлетіп отыр. Біз таяу күндері мерекелейтін бұл Абай күні бізге жол көрсетіп тұрған жарық шамшырақ секілді жылуын шаша жарқырайды. Бұл күн біртұтас қазақ баласын бірлікке шақыратын, адамгершілікке үндейтін, бірінді қазақ бірін дос тұтатын қастерлі күн. Абай күні қазақтың ізгілік пен өркениет төріне басқан тағы да қайырлы қадамы.
Баршаңызға Абай күні құтты болсын!