"Ақмола облысы білім басқармасының Астрахан ауданы бойынша білім бөлімі Жаңатұрмыс ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" КММ
КГУ "Общеобразовательная школа села Жана-Турмыс отдела образования по Астраханскому району управления образования Акмолинской области"

Біз әлеуметтік желіде.

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Кәсіби бағдар беру

2019-2020 оқу жылында

«Қызылжар орта мектебі» ММ

оқушыларға кәсіптік бағдар беру

 бойынша жүргізілген жұмыстары туралы ақпарат

         Әлемдік білім беру кеңістігіне бағытталған білім берудің негізгі мақсаты – өркениетті елдердегі білім беру әлемдік стандартына сай білімді меңгеріп қана қоймай, білік пен дағды арқылы дербестік, ізденімпаздық, шығармашылықпен ойлай алатын, кез-келген ортада өз шешімін таба білетін білімді де білікті жасөспірімдерді жан-жақты жеке тұлға ретінде даярлау. Осы мақсаттарды іске асыруда бүгінгі мектеп оқушыларына қойылып отырған мәселелер күн сайын талаптануда. Өйткені, келешек қоғамымыздың басты тұлғасы бүгінгі мектеп оқушылары. Сондықтан мектепте берілетін кәсіби бағдар жұмыстарының маңызы зор болып табылады.

Кәсіби бағдар берудің негізгі мақсаты жас ұрпақты саналы түрде мамандық таңдауға дайындау, үйрету екендігі белгілі.

Алғашқы күндерден бастап жалпы білім беретін орта мектептерде білім беру жүйесі Үкіметіміздің қаулы қарарларына орай мектеп оқушыларының ғылым негіздерін оқып үйренуді олардың жүйелі ұйымдастырылған, шама-шарқына лайық қоғамдық пайдалы, өнімді еңбекке тікелей қатысуымен тығыз өзара байланысты қамтамасыз етілсін – деп міндеттелген

Мамандықты саналы таңдауда адамның қабілеттілігінің қалыптасуының да үлкен маңызы бар екенін бірқатар ғалымдар мынандай қасиеттердің болуын дәлелдейді.

Ол адамның психологиялық санасының қалыптасуына байланысты. Олар: қабілеттілік, қызығушылық, бағыттың құндылығы, кәсіптік жоспар, идеялы, сенімі, т.б. Мамандық таңдауға даярлауда, жеке адамның кәсіптік қажеттіліктерімен икемділіктерін, қызығушылығын және басқа да қасиеттерін тұрақтандыруда мамандыққа қатынасы есептеледі. Ал оны кәсіптік бағыт деп те атайды. Бір жағынан бұл психологиялық термин болып есептеледі, яғни атап айтқанда «жеке адамның бағыты», яғни сыртқы ортаға, еңбекке жеке адамның ішкі дүниесінің қатысы болып есептеледі.

Сондықтан мамандық таңдауда жеке адамның психологиялық ерекшеліктері де қарастырылады. Кәсіптік бағыт беруде оқушылардың кәсіптік қызығушылығы мен жоспарын қалыптастыру ең бірінші міндет болып саналады.

Сол себепті де оқушылардың кәсіпті таңдаудағы өзіндік айқындалуының төмендегідей принциптері бар:

- кәсіпті таңдау мәселесіндегі жеке тұлғаның белсенділік принципі;

- таңдаған кәсіптің қызығушылықпен, қабілеттілікпен, жеке тұлғаның қабілеттілігі мен кадрға деген қоғамның қажеттілігінің сәйкестік принципі;

- кәсіпті таңдауда қоғамға едәуір пайда келтіруге ұмтылуды сипаттайтын кәсіпті саналы таңдау принципі.

Қызылжар орта мектебіндегі оқушылармен және олардың ата-аналарымен жүргізілетін жұмыстардың негізгі бағыттар:

- оқушы тұлғаны қалыптастыру және дамытуды, оқып үйрену (соның ішінде қызығулары, икемділіктерін, мінезін, тұлғаның моральдық сапасын және бағытын);

- икемділіктерді қалыптастыру және дамыту туралы әңгімелесу, белгілі бір кәсіпке (мамандыққа) қарама қайшылықтар туралы түсіндіру;

- практика кезінде әрбір оқушы өздерінің кәсіптік қызығулары және икемділіктерін тексеруге жағдай жасау;

- оқушыларды Республикадағы, аудандағы, қаладағы негізгі жұмыс түрлері мен таныстыру;

- әрбір кәсіптің ауыл шаруашылығы және мәдениеті, кез келген кәсіпті құрметтеуді, оқушыларды аудан, қала, Республиканың еңбек сіңірген адамдарымен таныстыру;

- белгілі бір кәсіп және мамандық қоятын білім, іскерлік, дағдыны сипаттау, ауыл шаруашылығы жұмыс үшін қандай ақыл ой, күш-жігерлік тапсырмаларды және икемділіктер қажет екенін анықтау;

-таңдаған кәсібін және жүмыс барысында алда кездесетін қиындықтарды игеру мүмкіндіктерін көрсету;

- еңбек жағдайы және сипаты, қоғамдық өзара қарым-қатынастар, қызығулықтар және жұмысшылар жалақысы туралы ақпарат беріп отыру;

- қазіргі кезде жаңа техника мен технологияның енуіне байланысты әр кәсіптің еңбек жағдайы, сипаты өзгерулерімен таныстыру;

- оқушыларды мамандық таңдауға сүрақтар бойынша консультациялар беру;

- бітірушілерді мектеп бітіргеннен соң да оқу және жұмыс нәтижелері ақпаратын талдау және талқылау:

 2019-2020 оқу жылында жоспар бойынша  бейіндік жұмыстарды атқаруға арналған   іс-шаралары өткізілді.

 Педагог мамандармен жұмыс

 Мұғалімнің шешетін міндеті – оқушының өзінің қызметіне жол көрсету, көмек беру, бір істі тындырымды атқаруына кеңес беру болып есептеледі.

Мектеп оқушыларын еңбекке кәсіптік қызығушылығын тәрбиелеудің күрделілігі сол, бір қарағанда оқушылардың көпшілігі халық шаруашылығындағы мамандықтарына қызықпайтын сияқты байқалады. Сондықтан, мамандық таңдауда басшылыққа алынатын маңызды мәселенің бірі ол – мамандық таңдау жұмысын оқушылардың жалпы танымдық қызығушылығымен байланыстыра жүргізу болып табылады.

Жаңартылған күні: 02.02.2020 21:37
Құрылған күні: 19.05.2020 08:35

Текст