"Ақмола облысы білім басқармасының Астрахан ауданы бойынша білім бөлімі Жаңатұрмыс ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" КММ
КГУ "Общеобразовательная школа села Жана-Турмыс отдела образования по Астраханскому району управления образования Акмолинской области"

Біз әлеуметтік желіде.

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Баяндамалар.

БАЯНДАМА

Тақырыбы: «Төрт түлік мал – ұлттық тәрбиенің негізі. Тәрбиешілермен тәжірибе алмасу семинары»

Доклад иесі: Сақария Гаукар

Мектеп атауы: Жаңатұрмыс ауылының ЖОББМ "КММ"

Кіріспе

Ұлттық құндылықтарды мектепке дейінгі білім беру мазмұнына енгізу – қазіргі тәрбиешілердің басты міндеттерінің бірі. Халқымыздың тұрмыс-тіршілігінде ерекше орын алатын төрт түлік мал туралы түсінік – балалардың дүниетанымын қалыптастыруда таптырмас тақырып. Бұл докладта мен өз тәжірибеммен бөлісіп, тәрбиешілермен өткізілген семинар мазмұнын ұсынамын.

Семинар барысы

1. Тақырыпқа кіріспе: «Төрт түлік дегеніміз не?»

Семинардың алғашқы бөлімінде тәрбиешілерге қазақ халқының төрт түлік туралы түсінігі мен оның ұлттық тәрбиедегі маңызы туралы қысқаша баяндама жасалды. Содан кейін «Қоршаған ортамен танысу» сабағы аясында осы тақырыпты балаларға қалай беру керектігі туралы бағыттар ұсынылды.

2. Жұптық жұмыс және ойын түрлері

Тәрбиешілер жұптарға бөлініп, мынадай тапсырмалар орындады:
- «Төлін тап» ойыны (жылқы – құлын, түйе – бота, т.б.)
- «Қай мал қалай дыбыстайды?» ойыны
- «Малды сипатта» тапсырмасы (әр жұп берілген түлікке сипаттама береді: сыртқы түрі, тіршілігі, төлдері)

Бұл жұмыс түрлері – балалардың ойлау, есте сақтау қабілетін дамытуға бағытталған. Сонымен қатар тәрбиешілер өздерінің қолданатын әдістерімен бөлісті.

3. Төрт түліктің тағамдары: дәм тату, пікір алмасу

Семинардың келесі бөлімінде тәрбиешілерге төрт түліктен алынатын ұлттық тағамдар ұсынылды:
- Қымыз – жылқы сүтінен дайындалады
- Шұбат – түйе сүті
- Сары май, айран, ірімшік – сиыр сүтінен
- Қой еті мен сүт тағамдары

Тәрбиешілер тағамдардың дәмін татып, өз ойларымен бөлісті:
– Дәмі қандай?
– Балаларға ұсынуға бола ма?
– Денсаулыққа қандай пайдасы бар?

Пікір алмасу кезінде тәрбиешілер ұлттық тағамдарды бала рационына енгізу мүмкіндіктері мен пайдалы қасиеттерін атап өтті.

4. Сергіту сәті

Тақырыпқа байланысты сергіту жаттығуы ұйымдастырылды:

🎵 «Бота, бота, ботақай,
Біздің үйде бар тайлақ-ай...»

Қимыл арқылы әр түліктің жүрісін, дыбысын салып, көңілді жаттығу жасалды. Бұл әдіс баланың танымын ойынмен ұштастыруға болатынын көрсетті.

5. Қорытынды: Тәрбиешілердің ой-пікірлері

Семинардың соңында ашық пікір алаңы ұйымдастырылып, тәрбиешілер:
- Өздеріне ұнаған әдіс-тәсілдермен бөлісті;
- Болашақта осындай тақырыптарды сабақта қолдану ойларын айтты;
- «Төрт түлік мал – тек тақырып емес, ұлттың тарихы мен болмысы» деген тұжырымға келді.

Қорытынды

Бұл тәжірибе алмасу семинары тәрбиешілер үшін ұлттық мазмұндағы тақырыптарды шығармашылықпен қолдануға, жаңа идеялармен толықтыруға үлкен мүмкіндік берді. Осындай жұмыстар арқылы балаларға туған елінің мәдениетін, табиғатын, тұрмысын құрметтеуді үйретеміз. Ұлт болашағы – ұлттық тәрбиеде! 

 


Текст