Текст
2023 жылғы 20 қарашада 1- сынып мұғалімі Манекей Хайнар бастауыш сыныптардың арасында "Алтын теңге" атты ашық сынып сағатын өткізді. Сабақ барысында сынып психологиялық ахуал желісімен "Күн" және "Ай" топтарына бөлінді. Сондай ақ сайыс "Бәйге","Мақал сөздің мәйегі", " Блиц сұрақтар", " Білгенге маржан" атты 4 кезеңге бөлінді. Бейнебаян көрсетіліп, тапсырмалар орындалды. Мұғалім слайттар бойынша төл теңгенің пайда болуы туралы терең мағлұмат берді. "Теңге ілу", " Дүкен" ойындары ойнатылып достық жеңіспен аяқталды. Сайыс соңында оқушыларға тәтті сыйлықтар таратылып, көтеріңкі көңіл күйменен сабақты қорытындылады.