"Ақмола облысы білім басқармасының Астрахан ауданы бойынша білім бөлімі Жаңатұрмыс ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" КММ
КГУ "Общеобразовательная школа села Жана-Турмыс отдела образования по Астраханскому району управления образования Акмолинской области"

Біз әлеуметтік желіде.

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

2020 жылдың 12 ақпаны күні қазақ тілі және әдебиеті пәні апталығы аясында 9 «А» сыныбында қазақ тілі пәнінің мұғалімі Мустафина Слушаш Мубараковна қазақ әдебиеті пәнінен Б.Майлиннің «Шұғаның белгісі» шығармасы бойынша ашық сабақ өткізді.

16.02.2020

         2020 жылдың 12 ақпаны күні қазақ тілі және әдебиеті пәні апталығы аясында 9 «А» сыныбында қазақ тілі пәнінің мұғалімі Мустафина Слушаш Мубараковна  қазақ әдебиеті пәнінен Б.Майлиннің «Шұғаның белгісі» шығармасы бойынша  ашық сабақ өткізді. Сабақта психологиялық ахуал қалыптастырылып үй тапсырмасына берілген «Шұғаның тағдыры» тақырыбында жазылған оқушылардың эссесі тыңдалды. Сөздік жұмысын жүргізу барысында оқушыларға шығармадағы жаңа сөздерді жазғызып, ол сөздерді  мәтіннің қай жерінде айтылғандығын табу туралы тапсырма берілді. Сондай ақ басты кейіпкерлерді ата, «Кім кінәлі?», салыстыру, постер құру, ассоциация жасау,кестені толтыру, Шұғаға хат жазу сияқты әдіс тәсілдер қолданылды. Сабақ соңында әр оқушы қолдарындағы бағалау парақшаларында өздеріне қойған балдарын жариялап, мұғалім өз бағалауын айтты. Сабақтағы оқушылардың шығарманы талдау, сұрақтарға жауап беру деңгейлері жақсы. 

Просмотров: 340


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст