"Ақмола облысы білім басқармасының Астрахан ауданы бойынша білім бөлімі Жаңатұрмыс ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" КММ
КГУ "Общеобразовательная школа села Жана-Турмыс отдела образования по Астраханскому району управления образования Акмолинской области"

Біз әлеуметтік желіде.

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

6-10 сыныптар арасында мектепішілік Мақатаев оқулары өткізілді.

19.02.2023

«Ақмола облысының білім басқармасының  Астрахан ауданы бойынша білім бөлімі Жаңатұрмыс ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» КММ-де 2023 жылдың 14 ақпаны күні 6-10 сыныптар арасында қазақ тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі Жаканова Айжарқын Абаевнаның ұйымдастыруымен  мектепішілік  Мақатаев оқулары өткізілді. Сайысқа мектебіміздің 20 дан астам оқушысы қатысып, өздерінің жаттаған өлеңдерін мәнерлеп айтып көпшіліктің  назарына ұсынды. Сайыс соңында әділқазылар алқасына сөз кезегі беріліп, нәтижелері жарияланды. Орындар қазақ тілі және орыс тілі негізінде оқитын оқушыларға бөлек бөлек берілді. Сайыста қазақ тілінде оқитын сыныптардан ақынның жиырмадан астам өлеңін жатқа айтқан 9 сынып оқушысы Аманжол Жансая І орын иеленсе, он өлеңді жатқа айтқан 10 сынып оқушысы Аманжол Аружан ІІ орын, ал ІІІ орынды 8 cынып оқушысы Адилет Мадина мен 9 сынып оқушысы Жамболат Таңшолпандар бөлісті. Орыс тілі негізінде оқитын сыныптардан 10 сынып оқушылары  Максут Айсултан І орын,  Чибисова Анастасия ІІ орын, ал 9 сынып оқушысы Гордиевич Евгений ІІІ орынды иеленді. 

 

Просмотров: 147


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст