«Ақмола облысының білім басқармасының Астрахан ауданы бойынша білім бөлімі Жаңатұрмыс ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» КММ-нде 2023 жылдың 15 ақпаны күні алғашқы әскери дайындық пәнінің ұйымдастырушысы Башинский Александр Николаевич пен денешынықтыру пәнінің мұғалімі Абишев Мұхтар Ахметович Кеңес әскерлерінің Ауғанстан жерінен шығарылғандығына 34 жыл толуына арналған сыныптан тыс сайыс ұйымдастырды. Іс шараға ауылымыздың Ауған ардагерлері Есекеев Рамазан Қазбекович және Сулейманов Ваит Рефатович шақырылып, сайыс кезеңдеріне қазылық жасады. Сайысқа мектебіміздің 9 сынып оқушылары қатысып, өздерінің әскери дайындық деңгейлерін, спорттық сауаттылықтарын ортаға салды. Оқушылар бес кезең бойынша сайысып, әділқазылардың есептеулері бойынша бағаланды.