2023 жылдың 9 қаңтарда «Жаңатұрмыс ауылының жалпы орта білім беретін мектебінде» қазақ тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі Өмірзақ Дәулет «Қазақ тілі және әдебиет пәндері апталығы» аясында 5 «А» сыныпта Б.Соқпақбаевтың «Менің атым Қожа» шығармасының «Дайындықсыз келген бір күн» тақырыбы бойынша ашық сабақ өткізді. Ашық сабақ барысында оқушылар «Дайындықсыз келген бір күн» бөлімін аудио нұсқада тыңдап, «Қожа мен Жантасқа мінездеме» берді, «Егер мен кейіпкердің орынында болсам», «Қожа жақсы бала бола ма?» деген сұраққа мақал мәтелдерді пайдалана отырып жауап берді. Оқушылар сабақтың соңында шығарма кейіпкерлерін салыстырып, өз ойларын айтты. Сабақ жоспар бойынша жоғары деңгейде өтті. Оқушылар сабаққа белсене қатысты. Қорытынды кезеңде сабақтың қорытындысы шығарылып, бағалар жарияланды.