Текст
2022 жылдың 27 желтоқсанында "Жаңатұрмыс ауылының ЖОББМ" КММ-де 1-4 сынып оқушылары арасында жаңа жылдық ертеңгілік өтті. Жаңа жылдық ертеңгілікте оқушылар Аяз ата және Ақшақармен бірге шыршаның айналасында би билеп, ән айтып, көңіл көтерді. Әр сынып жаңа жылға дайындаған өнерлерін ортаға салды. Шырша Ағашы да өте әдемі безендіріліп, мереке көңілді өтті.