Текст
14- желтоқсанында тарих және қоғамтану апталығы аясында тарих пәнінің мұғалімі Бадила Сайран 7-11 сыныптар арасында «Тарихи домино» атты сыныптан тыс интеллектуалды сайыс өткізді. Сайыста «Бәйге», «Тіл өнер», «Қасиетті жетілік», «Көкпар», «Жорға» сияқты кезеңдер болса оған «Алғырлар», «Тапқырлар», «Білгірлер» сияқты топтар қатысып белдесуге түсті. Сайыстағы тапсырмалар оқушыларың тарих пәнінен аған алған білімдерін саралап, көрсетуге мүмкіндік берді. Топтардың арасындағы сайыста «Білгірлер» өз білімдерінің озықтығын танытып 220 ұпаймен алға шықты. Ал қалған топтар 160 және 120 ұпайлармен екінші, үшінші орындарды бөлісті.