"Ақмола облысы білім басқармасының Астрахан ауданы бойынша білім бөлімі Жаңатұрмыс ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" КММ
КГУ "Общеобразовательная школа села Жана-Турмыс отдела образования по Астраханскому району управления образования Акмолинской области"

Біз әлеуметтік желіде.

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Мектептегі тәрбие жұмысы аясында «Абайдың патриоттық және азаматтық тәрбиесі рухани адамгершілік асыл мұра» атты аудандық семинар өткізілді.

18.12.2022

2022 жылдың 13 желтоқсанында «Ақмола облысының білім басқармасының Астрахан ауданы бойынша білім бөлімі Жаңатұрмыс ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» КММ-де мектептегі тәрбие жұмысы аясында «Абайдың патриоттық және азаматтық тәрбиесі рухани адамгершілік асыл мұра» атты аудандық семинар өткізілді.  Семинарға аудандағы жақын аумақтың әр мектебінен 2 өкіл және аудандық әдістемелік кабинеттің бас әдіскері Атишева Қ.С.  қатысты. 

Семинардың бағдарламасы бойынша төмендегедей іс шаралар қатысушылар  назарына ұсынылды:

1.      Тәрбие сағаты «Абай ұлағаты-ұрпақ ұлағаты»  Жетекшілері: бастауыш сыныптар мұғалімдері. Мақсаты: Оқушыларды ұлы кемеңгер ақын Абай Құнанбаев шығармаларымен таныстыру. Ақынның өлеңдері мен қарасөздерін оқыту арқылы адамгершілікке, еңбекқорлыққа, адалдыққа баулу. Білімге деген құштарлығын арттыру.

Міндеті:Оқушылардың сөйлеу, мәнерлеп оқу қабілеттерін, тіл байлықтарын, сөздік қорларын дамыту.

Мейірімді, адал болуға, адамгершілікке, жаман әдептерден бойларын алыс ұстауға тәрбиелеу.

2.      Дебат «Қазіргі кездегі Абай қара сөздерінің маңыздылығы».  Жетекшісі:  Өмірзак Дәулет аға тәлімгер.

Мақсаты: Ұлы Абай Құнанбаевтың тұлғасымен танысу.

Тапсырмалар:

- оқушыларды ұлы қазақ ақынының шығармашылығымен таныстыру;

- адамға және оның ішкі әлеміне деген қызығушылықты тәрбиелеу;

- оқушылардың танымдық белсенділігін, әдеби-шығармашылық қабілеттерін дамыту;

- оқушылардың рухани әлемін дамыту;

3. «Озық ойлы Абайтанушы» сайыс сабақ  Жетекшісі: Шарифхаан Жұлдыз сынып жетекшісі.

Мақсаты: білімдік: Абай шығармашылығынан алған білімдерін шыңдай отырып, өлеңдері мен қарасөздерінің мазмұнын меңгертуге, мағынасын аша білуге, мәнерлеп жатқа айтуға, талдауға бейімдеу; Дамытушылық: оқушылардың тіл байлығын, ой өрісін, өз ойын айтуға, көркемдеп еркін сөйлеуге дағдыландыру, ойлау шеберлігін, сөйлеу мәдениетін дамыту;

Тәрбиелік: оқушыларға эстетикалық тәрбие беру, адамгершілікке, асыл қасиеттерге тәрбиелеу және туған жердің тарихы мен тілінің қадір-қасиетін ұғындыру.

4. Ученическая конференция «Признанный миром - Абай».  Руководитель Беликова Рита Фридриховна, Абулгазина Айжан Наскеновна.

Мақсаты: зерттеу жүргізу және зерттеу нәтижелерін ұсыну Абай Құнанбаевтың қандай әдебиет және өнер туындылары таныс бейнесін анықтады.

Міндеттері: әдебиет, театр қойылымдары, бейнелеу өнері, сәулет өнері, көркем киножобалармен танысу, оқушылардың патриоттық және азаматтық тәрбиесіндегі олардың рөлін анықтау.

5. Әдеби кеш «Абай жаққан бір сәуле сөнбес үшін...»  Жетекшісі: Жаканова Айжарқын Абаевна қазақ тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі. Мақсаты: Абай щығармашылығын насихаттау арқылы қазақтың тілі мен әдебиетіне, мәдениетіне деген ықыласын арттыру, қызығугылығын ояту, ақын шығармашылығын терең түсініп, қадірлей білетін ұрпақ тәрбиелеу. Оқушылардың Абай даналығынан, азаматтық ақыл-ой, адамгерщілік, имандылық, ұлттық құндылықтарымыздан нәр алып, Абай ақының даналығын рухани асыл мұраларын насихаттау, құрметтеу, шығармашылығын жас ұрпақтың бойына сіңіру.

Міндеті:Оқушылардың сөйлеу, мәнерлеп оқу қабілеттерін, тіл байлықтарын, сөздік қорларын дамыту.

Мейірімді, адал болуға, адамгершілікке, жаман әдептерден бойларын алыс ұстауға тәрбиелеу.

 Дөңгелек үстел. Семинарды қорытындылау. Іс шараларды қорытындылау барысында қатысушылар әр сабаққа өз бағаларын беріп, кері байланыс жасалды. Өз пікірлерін айту барысында қатысушылар семинардағы әр іс шараға жеке жеке тоқталып, барлығы да жоғары деңгейде өткізілгендігін атап өтті. 

 

Просмотров: 172


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст