2022 жылдың 08 желтоқсанында Тарих және құқық пәнінің мұғалімі Годлевская А. А. тарих және құқық апталығы аясында 7 "Б" сыныбында Сырым Датұлының бастаған Кіші жүз қазақтарының көтерілісі (1783-1797ж.ж.) тақырыбында ашық сабақ өткізді. Сабақта топтық жұмыс түрінде өтті. Балаларға арналған алғашқы тапсырмада "Сырым Датұлының портреті" мозаикасын жинап, суретке түсініктеме беріп, сабақ тақырыбын шығару болды. Содан кейін балалар Сырым Датұлы бастаған Кіші жүз қазақтарының көтерілісі туралы бейнероликті көрді. Тақырыпты оқығаннан кейін балалар тақырыпты бекіту үшін төмендегідей тапсырмаларды орындады: оқиғалар мен күндерді байланыстырыңыз, сөйлемді жалғастырыңыз, тақырып бойынша тесттер. Сабақ соңында рефлексия және өзін-өзі бағалау жүргізіліп, үй тапсырмасы берілді. Сабақ жақсы деңгейде өтті.