"Ақмола облысы білім басқармасының Астрахан ауданы бойынша білім бөлімі Жаңатұрмыс ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" КММ
КГУ "Общеобразовательная школа села Жана-Турмыс отдела образования по Астраханскому району управления образования Акмолинской области"

Біз әлеуметтік желіде.

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Жунусова Динара Музафаровна рухани жаңғыру аясында «Әл Фараби екінші ұстаз» тақырыбында 7-11 сынып оқушылары арасында сыныптан тыс іс шара өткізді.

04.12.2019

             2019 жылдың 2  желтоқсаны күні мектеп директоры Жунусова Динара Музафаровна рухани жаңғыру аясында «Әл Фараби екінші ұстаз» тақырыбында  7-11 сынып оқушылары арасында сыныптан тыс іс шара өткізді. Сайыс түрінде өткізілген шарада оқушылардың үш топқа бөлініп Викторина сұрақтарына жауап беру, блиц сұрақтар және сиқырлы квадраттар сияқты тапсырмаларды орындауы, данышпан жайлы шығарған қабырға газеттері бағаланды. Сондай ақ, іс- шара барысында Әл Фарабидің 1150 жылдық мерейтойына орай дайындалған слайдтарда ғұламаның әр саладағы ашқан жаңалықтары жайлы мол ақпарат беріліп, оқушылардың таныстырылуы жасалды. Музыка саласындағы ішекті аспаптардың тарихы туралы айтыла отырып оқушылардың орындаған шығыс биі мен Мухатай Темірбектің орындауындағы күй тамашаланды. Шара соңында топтардың жинаған балдары есептеліп нәтижесінде 1- орынды «Отырар» 2- орынды «Бағдат» 3 -орынды «Дамаск» командалары иеленді. Жеңіспаздар тәтті сыйлықтармен марапатталды. 

Просмотров: 317


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст