"Ақмола облысы білім басқармасының Астрахан ауданы бойынша білім бөлімі Жаңатұрмыс ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" КММ
КГУ "Общеобразовательная школа села Жана-Турмыс отдела образования по Астраханскому району управления образования Акмолинской области"

Біз әлеуметтік желіде.

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Қысқы демалыс кезінде өткен іс-шаралар.

12.01.2017

Қысқы демалыс кезінде өткен іс-шаралар

Қызылжар орта мектебінде қысқы демалыс кезінде оқушылардың  демалыс уақытын тиімді ұйымдастыру мақсатында демалыс кезінде мектептегі үйірмелер өз жұмысын өткізіп отырды.

Денешынықтыру пәнінің мұғалімі Абишев Мұхтар  Ахметұлы еркін күрестен жаттығу жұмыстарын өткізді.

Ал физика пәнінің мұғалімі Мұратхан Елұзақ оқушылар арасында шахмат, дойбы үйірмелерін өз уақытында өткізді.

Алғашқы әскери даярлық пәнінің мұғалімі Толағайұлы Қуаныш тоғыз құмалақтан үйірме жұмыстарын өткізді.

05 қаңтар күні 1-4 сыныптар арасында бастауыш сынып мұғалімдері «Кім жылдам» атты сайыс өткізді. Сайысқа екі топ қатысты.  «Алғырлар», «Қырандар». Сайыс алты кезеңнен тұрды. Сайыс басында оқушылар өз топтарының ұрандарын айтты. Бірінші кезең «Сұрақтар»  деп аталды. Әр топқа кезек-кезекпен

сұрақтар қойылды. Екінші кезең «Құпиялы сандық » деп аталды. Үшінші кезең «Суретті бояу» .  Әр топ тез әрі әдемі бояу керек. Төртінші кезең «Бинго» деп аталды. Бесінші кезең «Ыммен көрсет»  деп аталды. Мұнда мақалды  ыммен немесе қимылмен түсіндіру керек болды. Алтыншы кезең «Айшықты сөздер» . Мұнда оқушылар тұрақты сөз тіркестерінің мағаналарын ашты. Алты кезеңнің қорытындысы бойынша «Қырандар» тобы 23:26 есебімен жеңіске жетті. Сайыс оқушылардың көңілінен шықты. Сайыс қызықты,

тартысты өтті.

06 қаңтар күні мектеп көшбасшысы Мұратхан Елұзақ мұғалімдермен 8-11 сыныптар арасында волейболдан  жарыс ұйымдастырды. Жарысқа екі топ қатысты. Олар  «Тулпар», «Орлы». Сайыс қорытындысы бойынша 2:1 есебімен «Тұлпар» тобы жеңіске жетті.

 

Тәрбие ісінің меңгерушісі                                 Өмірзақ Д.

Просмотров: 395


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст