Текст
28 желтоқсан күні Қызылжар орта мектебінде 6-7 сыныптар арасында «Жаңа жыл» атты мерекелік кеш өткізілді. Жаңа жыл кешінде мектеп директоры Жунусова Д.М., мектеп оқушыларын, келген қонақтарды жаңа жыл мерекесімен құттықтады. Жаңа жыл кешінде оқушылар би билеп,ән шырқап, көңілді көріністер қойып, түрлі ойындар ойнап ,шыршаны айнала биледі. Өз кезегінде Аяз ата мен Ақшақар келіп кештің сәнін келтірді. Өнер көрсеткен оқушыларға Аяз ата тәттілер берді. Жаңа жыл кеші көңілді өтті.