"Ақмола облысы білім басқармасының Астрахан ауданы бойынша білім бөлімі Жаңатұрмыс ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" КММ
КГУ "Общеобразовательная школа села Жана-Турмыс отдела образования по Астраханскому району управления образования Акмолинской области"

Біз әлеуметтік желіде.

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Қазақ тілі және қазақ әдебиеті пәні апталығының өткізілу барысы туралы ақпарат.

12.03.2017

2016-2017

оқу жылындағы

Қызылжар орта мекебінде

қазақ тілі және қазақ әдебиеті пәні апталығының

өткізілу барысы туралы ақпарат

2016-2017 оқу жылының 06-11 – ақпаны аралығында өткізілген Қызылжар орта мектебіндегі  қазақ тілі және қазақ әдебиеті пәні апталығында төмендегідей іс шаралар мен ашық сабақтар өткізілді: 06 ақпан күні қазақ тілі және қазақ әдебиеті пәні мұғалімдері тарапынан «Тіл тағылымы» атты тақырыпта қабырға газеті шығарылды. Онда мұғалімдер апталықтың ашылу салтанаты ретінде оқушыларға қысқаша түсінік беріп, сұрақтар мен түрлі тапсырмалардан құрастырылған газетті апталық барысында назарда ұстап толтырып шығуларын өтінді. Оқушылар апта бойы ондағы тапсырмаларды орындап, ол шараның  берген әсері мол болды.

   Сонымен қатар апталық барысында қазақ тілі және қазақ әдебиеті пәндерінің мұғалімдері төмендегідей кесте бойынша ашық сабақтар мен сыныптан тыс іс шаралар өткізді:

Іс-шаралар атауы

сынып

мерзімі

Жауаптылар

1

"Құстар" 

(ашық сабақ)

4 «Б» сынып

10.02

1 сабақ

Мустафина С.М.

2

«Білімділер» (сайыс сабақ)

1-4 «Б» сынып

08.02

5 сабақ

Мустафина С.М.

3

М.Дулатов «Шешенің балаларын сүюі» ( ашық сабақ)

8

«А»  сынып

10.02

4 сабақ

Өмірзақ Д.

4

«Ойшылдар» сыныптан тыс сабақ

8-11 "а" сыныптар

09.02.

15.00

 

Өмірзақ Д.

5

"Ананың анасы" (ашық сабақ)

7 "А" сынып

08.02

1 сабақ

Жаканова А.А.

6

Ахмет Байтұрсыновтың шығармашылығына арналған

шығармашылық кеш

6-11 сыныптар

10.02

Жаканова А.А.

Ақпанның 08 і күні  мұғалім Жаканова А.А.  6-11 «А,Б» сыныптары арасында  өткізген «Ахмет Байтұрсыновтың

шығармашылығына арналған шығармашылық кеш» атты сыныптан тыс сабақта оқушылар әуелі Ахмет Байтұрсыновтың  өмірі мен шығармалары туралы қысқаша түсініктерге тоқталып, соңынан тәрбие , өнер білім,

адамгершілік тақырыптарындағы түрлі әңгімелерінен үзінділер айтып, шағын көріністер көрсетіп («Сары маса», «Мектепке шақыру» т.б), өлеңдерін жатқа мәнерлеп айтып («Досыма хат», «Жазушының қанағаты», «Қырық мысал», т.б ) мағыналары туралы түсініктер берді. Сонымен қатар мұғалім тарапынан дайындалған «Малшы мен маса» аудармасы туралы бейне көрініс тамашаланды. Сондай-ақ оқушылар ақынның "Егіннің бастары" атты

шығармасы туралы шағын көрініс қойды. Шығармашылық кештің берген ғибраты мол болды.

10- ақпан күні мұғалім Мустафина С.М. 4 «Б» сыныпта «Құстар» атты ашық сабақ өткізді. Сабақта сұрақ жауап, әңгәмелеу, аударма жасау, топтық жұмыс түрлері жасалды. Ой шақыру барысында сұрақтарға оқушылар жауабы тыңдалды. Тақырып бойынша сөздік жұмысы дәптерлеріне жазылып, ары қарай оқушылар оқулықпен жұмыс жасады. Тақтада Чибисова А мен Саги А. «қуаныш», «туған күн» сөздеріне тәуелдік жалғауларын  қойып талдап жазды. Ең жақсы оқырман айдарында өлең жолдарын мәнерлеп оқып, дәптерге жатқа жазу жұмысы жүргізілді. Сабақ соңында «Құстар» тақырыбында ақ қағазда оқушылар диалог құрастырды.

Ақпанның 10 күні  6-8 «А»  сыныптары арасында пән мұғалімі Өмірзақ Д. «Ойшылдар» атты сыныптан тыс сайыс сабағын өткізді. Сайысқа екі топ қатысты, алты  кезеңнен тұрды. Олар «Таныстыру», «Өтірік өлең», «Сөз тапқанға қолқа жоқ», «Ойлан тап», «Кейіпкерлер әлемі», «Тапқыр болсаң, тауып көр», «Зерек болсаң зерделе». Әр кезеңнің белгіленген балдары бойынша топтардың ұпай сандары берілді. І топ жеңіске жетті.

Ақпанның 8-і күні 7 «А» сыныбында пән мұғалімі  Жаканова А.А. «Ананың анасы» тақырыбындағы

ашық сабағы өтті. Сабақта шығарма кейіпкерлеріне мінездеме беру,проблемалық ой тастау,ана туралы мақал-мәтелдер айту, дәптермен жұмыс, ана тақырыбында ән шырқайық, сөйлемді жалғастыр,семантикалық картаны толтыру сияқты жұмыстар атқарылып, оқушылар тарапынан аталған тақырып кеңінен ашылып, талданды.

Сондай-ақ, сабақта шығармаға талдау жасалынып оның кезеңдері: шығарманың экспозициясы, байланысы, шиеленісуі, шарықтау шегі, оқиғаның шешімі, шығарманың арқауы тағы басқа ерекшеліктерін оқушылар шығарманы оқи отырып тауып анықтауды үйренді.

Ал осы күні тағы да пән мұғалімі Мустафина С.М. 1-4 «Б» сыныптары арасында  «Білімділер» атты сыныптан тыс сабақ өткізді. Оқушылар топпен жұмыс істеп, кезеңдер бойынша берілген тапсырмаларды орындады. Топтық сайыс барысында оқушыларды төмендегідей кезеңдер бойынша орындалған тапсырмаларына сай бағалады: топтың аты және эмблемасы, сұрақ-жауап, көкеністер мен жемістерді ретімен атау, математикалық мысалдарды

қазақша айту, жұмбақтар. «Бүркіттер» тобы жеңіске жетті.

Ақпанның 12 – жұлдызында пән мұғалімі Өмірзақ Д. 8 «А» сыныпта М.Дулатовтың "Шешенің балаларын сүюі " тақырыбында ашық сабақ өткізді. Сабақ автор орындығы үлгісінде үй тапырмасын тексеруден басталды. Айталық,  мұнда оқушылар кезекпен автор орындығына отырып, қалғандары өткен шығарма кейіпкерлеріне байланысты сұрақтар қойды. Жаңа сабақ барысында  оқушылар екі топқа бөлініп, кезекпен тапырмаларды орындап отырды. Сабақта сатылай талдау, тренинг, деңгейлік тапсырмалар, ойтолғау сияқты әдіс тәсілдер қолданылды. Оқушылар кез келген тапсырманы жылдам әрі тиянақты орындап , ойларын еркін жеткізіп, тапсырмаларға талдау жасап отырды. Оқушылар орындарын ауыстырып қойған ұстаз, балабақша, мәдениет сөздерін оқып шықты.

Оқу ісінің меңгерушісі:                  Бадила С.

Просмотров: 319


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст