"Қазақ тілінің білгірі"
Мақсаты: оқушыларға ана тілін білудің маңызын түсіндіру, ана тілі туралы жазылған ақындардың өлеңдерін мәнерлеп оқи білуге дағдыландыру, ана тілін құрметтеуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: қанатты сөздер, тіл мерекесіне орай шығарылған газет
Барысы
Мұғалім: Халықтың тәуелсіздігінің ең басты белгісі – оның ана тілі, ұлттық мәдениеті жоқ ел өз алдына мемлекет болып өмір сүре алмайды. Дүниедегі барлық халық тәуелсіздікке ұлттық қадір-қасиетін, мәдениетін, ана тілін сақтап қалу үшін ұмтылады. Сондықтан кез келген мемлекет өзінің салт-дәстүрін, ана тілін айрықша қорғайды. Ал біздің Қазақстан Республикасында қазақ тіліне мемлекеттік статус берілген. Қазақстан тәуелсіз ел болып қалсын десек, онда ең алдымен ана тілімізді дамытуға күш салғанымыз жөн. Ана тілін дамыту, қорғау дегеніміз – біз өз ана тілімізде таза сөйлеуіміз және оны жақсы біліп, туған анамыздай сүюіміз керек деген сөз.
Сабағымыз 6 бөлімнен тұрады.
1 кезең. Топты таныстыру, осы сайысқа түсудегі мақсаты.
2 кезең. Логикалық тапсырмалар
3 кезең. Ойлан.
4 кезең. «Сұрақтар» деп аталады, яғни сұрақтарға толық жауап беру керек.
5 кезең. «Сен не істейсің?» деп аталады.
6 кезең. «Мықты болсаң тауып көр».