Жаңатұрмыс ауылының мәдениет үйінде «Ақмола жұлдыздары» атты көркем- өнерпаздар байқауы болып өтті.
Биылғы көркем- өнерпаздар байқауының тақырыбы «Алаш орда», «ЕХРО-2017» көрмесіне арналды. Байқау оқушылардан құралған хор мен басталды. Хорда оқушылар алаш туралы өлеңдер оқып, «Алаш ұраны» әнін Мукатай Темірбекпен бірге айтты. Жетекшілері Өмірзақ Д, Шарипова Г.О.
Қазақстан туралы өлеңдер оқып, «Казакстан –мая жизнь» әнін оқушылар жақсы айтып шықты. Жетекшілері Щвецова Е.Е, Шарипова Г.О. Келесі кезекте «ЕХРО-2017» көрмесіне арнап өлеңдер оқып, «Мәңгілік ел» әнін мектебіміздің оқушылары Темірбек Қымбат, Муратхан Іңкәр, Жарқын Дарынмен бірге айтты. Жетекшілері
Өмірзақ Д, Шарипова Г.О. Оқушылар хоры қазылар алқасының көңілінен шығып мақтау қағазымен марапатталды.
Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың сөзіне жазылған Алтынбек Қоразбаевтың әнін орындаған Мектебіміздің мұғалімі Мукатай Темірбекпен 6 сынып оқушысы Муканова Саида көрермен мен қазылар алқасының көңілінен шығарып орындап мадақтама мен марапатталды. Жетекшісі Мукатай Темірбек. « Республмка мая» өлеңін оқыған Токашева Дана қазылардың көзіне түсіп мадақтамамен марапатталды. Жетекшісі Щвецова Е.Е. Мектеп оқушыларынан құралған Гагарин Алтын, Темірбек Қымбат, Семей Аружан вокалдық тобы әнді жоғары деңгейде орындағаны үшін мадақтамамен марапатталды.Келесі кезекте 4 сынып оқушыларынан құралған вакалдық топтың «Островок детства» әнін орындады. Музыка пәнінің мұғалімі Шарипова Г.О, халық әні « Балқадишаны» орындады. Жетекшісі Шарипова Г.О. «Земля Казакстан» әнін Гадлевская Алина мен, Бабракова Татьяна орындады. Жетекшісі Щвецова Е.Е.
Мектептің ер мұғалімдерінен құралған вакалдық топ «Қазақстан» әнін керемет орындап шыққаны үшін мадақтамамен марапатталды. 9 сынып оқушысы Мукатай Мұратхан «Қазақстан» өлеңін нақышына келтіре айтқаны үшін марапатталды. Жетекшісі Өмірзақ Д. «Белая ромашка» әнін орындаған 1 сынып оқушысы Каланова Малика қазылар мен көрермендерді тәнті етті. Қазылар орындау шеберлігіне қарап мадақтамамен марапаттады. Жетекшісі Щвецова Е.Е.
1-4 сынып оқушылары «ЕХРО-2017 WELCOM TO KAZAKSTAN!» биін жоғары деңгейде билегені үшін марапатталды. Жетекшісі Мукатай Айгерім.
«Астана» әнін орындаған 10 сынып оқушысы Жарқын Дарын мен 11 сынып оқушысы Гадлевская Алина мадақтамамен марапатталды. Жетекшісі Шарипова Г.О.
«Астана вальсі» 8-11 сынып оқушылары мың бұрала биледі. Би Қазылардың көңілінен шығып марапаттады.
Жетекшісі Жунусова Динара Музафаровна.
«Мәңгілік ел» әнін нақышына келтіре орындағаны үшін Қызылжар орта мектебінің әйелдерден құралған
вокалдық тобы марапатталды. Жетекшісі Мукатай Айгерім.
«Қазағымсың» әнін орындаған Мукатай Айгерім мен Темірбек Қымбат әнді жоғары деңгейде айтқаны үшін марапатталады.
Биылғы көркем-өнерпаздар байқауын оқушылар хоры «Чудесный мой край, Песня о Казакстан» әнімен аяқтады. Байқау соңында қазылар алқасы барлық жетекшілерді мадақтамамен марапаттап шығармашылық табыс тіледі.
Тәрбие ісінің меңгерушісі Өмірзақ Д.