Қызылжар орта мектебінің
шығармашылық пәндер апталығында
өткен сабақтар туралы сараптама
Наурыздың тоғызы күні музыка пәнінің мұғалімі Шарипова Г.О., 1 «Б» сыныбында «Бауырсақ» атты тақырыпта ашық сабақ өткізді. Сабақ басында «Бауырсақ ертегісіндегі» естеріне алып сурет салу керек.
Ноталарды бірге айтып шықты. Ноталардың орын тәртібін айтты. Сөздердегі ноталарды тап. Бір сөзден екі нотаны тап. Ноталарды видео арқылы қайталап шықты. Музыкалық аспаптар туралы жұмбақтар жасырды. Сергіту сәтін ұйымдастырды. Әндер туралы жұмбақтар жасырды. Берілген суреттерді бояу сияқты тапсырмаларды орындады. Тапсырмаларды орындау барысында оқушылар белсенділік танытты. Сабақ жақсы және қызықты өтті.
Музыка пәнінің мұғалімі Шарипова Г.О., 4 «А, Б» сыныптары мен сабақтан тыс сабақ өткізді. Сабақтың тақырыбы «Әр елге саяхат» деп аталды. Бірінші саяхат жасаған ел Англия болды. Оқушылар Ромео Джульетта операсынан үзінді тыңдады. Франция еліне саяхат кезінде екі оқушы Франция операсы туралы мәліметтер берді. Ресей еліне саяхат Мақсут Айсұлтан мен Саги Алия ресей операсы туралы мәліметтер берді. Чайковскийдің «Аққулар биі» көрсетілді. Келесі ел Қазақстан «Қыз Жібек», «Ер Тарғын » спектакльі көрсетілді. Қазақстанда құрылған алғашқы
театр, алғашқы қойылым, алғашқы композитор,астана опера театры туралы мәліметтер берілді. 4 «А» сыныбы «Алдар көсе» туралы қойылым қойды. Театрларды табу ойыны ойнатылды.
Технология пәнінің мұғалімі Абулгазина А.Н., апталыққа орай «Денсаулық пен сұлулық» тақырыбында қабырға газетін шығарды.
Дене шынықтыру және шығармашылық пәндер ӘБ жетекшісі: Өмірзақ Д.