Қызылжар орта мектебінің биология пәнінің мұғалімі Мукатай Темирбек 7-8 «А» сыныптар арасында «Қызықты география» сайысын өткізді. Сабақтың мақсаты: оқушылардың дүние танымын кеңейтіп, сабақта алған теориялық білімдерін өмірде дұрыс пайдалана білуге дағдыландыру. сайысқа екі топ қатысты. Бүркіт және Қыран. Сайыс 11 кезеңнен тұрды, «Таныстыру», «Бәйге», «Тіл-өнер», «Орнын тап», «Жылдам логикалық ойлау», «Білгірлер сайысы»,
«Жорға», «Тапқыр болсаң, тауып көр», «Менің елім», «Көрермендер сайысы», «Капитандар сайысы».
Бірінші кезеңде екі топ өздерін таныстырды. Екінші кезеңде екі топқа кезекпен сұрақтар қойылды. Үшінші кезеңде жұмбақтың шешуін оры тілі мен ағылшын тіліне аударып айту . Төртінші кезеңде берілген сөздерді дұрыс оқу. Бесінші кезең берілген сөздердің не екенін айту. Алтыншы кезеңде оқушылар берілген мәтіндегі жағдайды талдау. Жетінші кезеңде жұмбақтарды шешті. Сегізінші кезеңде бірінші топ қаланың атын айтады ,екінші топ сол сөздің соңғы әрібінен басталатын қала атауын айту керек. Тоғызыншы кезеңде көрермендерге сұрақтар қойды. Оныншы кезеңде топ басшылары 10 сұраққа жауап берді. Соңғы он бірінші кезеңде екі топ қызықты сұрақтарға кезектесіп тез –тез жауап берді. Сайыс қорытындысы бойынша Бүркіттер тобы 114:125 есебімен жеңіске жетті. Сайыс қызықты өтті.