"Ақмола облысы білім басқармасының Астрахан ауданы бойынша білім бөлімі Жаңатұрмыс ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" КММ
КГУ "Общеобразовательная школа села Жана-Турмыс отдела образования по Астраханскому району управления образования Акмолинской области"

Біз әлеуметтік желіде.

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Балалар қаламгері - Айса Хамзеұлы.

11.05.2017

Балалар қаламгері - Айса Хамзеұлы

Қызмет жолы

*Жатақхана тәрбиешісі  

* Балалар психологы

* Бастауыш сынып мұғалімі

* Қазақ тілі мен әдебиет мұғалімі

* Директордың орын басары

* Кітапхана қызметкері

  Айса Хамзеұлы 1934 жылы 19-шы тамызда Ақмола облысы, Астрахан ауданы Қызылжар ауылында дүниеге келген. Жергілікті мектепте орта білім алған ауыл баласы 1951-1954 жылдар аралығында Ақмоладағы педагогикалық училищесінде білімін шыңдап, туған ауылына мұғалім болып оралды. Бастауыш сыныптарға 5 жыл мұғалім болғаннан кейін Қарағанды педагогикалық институтына оқуға түседі. Сөйтіп тіл әдебиеті факультетін бітіргеннен кейін ауылға қайта оралып, өмірінің соңғы жылына дейін ұстаздық ұлы жолда абыройлы қызмет еткен.

Тіл туралы, тұрмыс –салт туралы, өмірде болып жатқан оқиғалар туралы кең көлемдегі түрлі тақырыптағы материалдары оқырман қауымға ой қосып, ризашылығын туырды. Қарымды қаламгердің еңбектері «Жас Алаш» , «Қазақ әдебиеті», «Ана тілі», «Арқа ажары», «Заман Қазақстан» газеттеріне басылып жүрді.  Айса Хамзеұлының  осы күнге дейін 14 кітабы жарық көрген.  Бірінші кітабы 1959 жылы шықса, одан кейінгі кітаптары өмір өтпелімен, уақыт кезегімен шығып тұрған . Кітаптарының басым дені балалар баспасына мол базарлық ала келді. Кітаптарының ішіндегі бірқатар шығармалары, әңгімелері, зерттеу материалдары «Жыл он екі ай», «Айгөлек» , «Балдырған», «Қазақстан әйелдері» «Көкшетау» журналдарында басылды.   Ал, бірқатар еңбектері педагогикалық салаға жаңашылдықтар еңгізу бағытында жарық көрген. «Қазақстан мектебі» баспасында сол мақлаларының басым дені шықса,  «Заман Қазақстанда» шыққан «Балаларда қателік қайдан пайда болады?» атты педагогикалық бағыттағы мақаласы шығып,ұстаздық жолдағы замандастарының оқыту ісіндегі қосымшасына айналды. «Жас Алаш» газетінде «Шала қазақтар латын әліппесінен неге қорқады?» деген ұлттық мүддені қозғаған , сондай-ақ, «Әйел мұғалімдерге ұландар бағына ма?» деген тәрбиелік мәні бар мақалалары шығып, оқырман қауымның ортақ пікірін қалыптастыруға қозғаушы күш болды. Бұған қоса «Аралас мектептің пайдасынан зияны басым» деген «Қазақстан мектебі» басылымындағы мақаласы да сол кездегі қазақ тілді ұстаздардың көкейіндегісін ақтарып берген ұлттық

жанайқайдай еді.

  Ұстаздық жолдағы ақ-адал еңбегі еленіп, Қазақстан Республикасы «Халық ағарту ісінің үздігі» деген төс белгісімен марапатталған. Жанына жазушылықты серік еткен айса Хамзеұлы бүгінде арамызда болса  әлі де оқырман қауымға

тарту етер мол мұра қалдыратыны сөзсіз еді. Өйткені  зейнет жасында да бос уақытын осы әуесіне арнаған ардагер ұстаздың еңбектері мен өмір жолы бізге осыны меңзейді. Алайда жасы 80-нің сеңгірінен асқан шағында қаламгер жазушы бұл өмірден озды, артында ұмытылмайтын мол асыл мұрасы қалды. Ұстаздың бейнесі мәңгі жадымызда сақталмақ.

  Қызылжар ауылы, 2017 жыл.

Сайран Бадилақызы.

Просмотров: 468


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст