Текст
25 мамыр күні Қызылжар орта мектебінде соңғы қоңырау мерекесі болып өтті. Соңғы қоңырау мерекесіне
ауыл әкімі Қайыржанов Саят Дулатұлы мен Астрахан ауданы әкімі аппаратының басшысы Алтаев Балтабек Калымтайұлы қатыстып, құттықтау сөз сөйледі. Жас түлектерге мектеп директоры Жунусова Динара Мұзафаровна және ата-аналар сәт сапар тіледі. 1- сынып оқушылары мектеп түлектеріне тілектерін білдірді. Мектеп түлектері өз кезегінде ұстаздар мен ата-аналарына арнап өлеңдер оқып ән арнады. Жас түлектер вальс биін биледі.