Қызылжар орта мектебінде
өткен мектеп бітіру кеші
туралы ақпарат
Маусымның он екісі күні 9-11 сынып оқушыларының мектеп бітіру кеші болып өтті. Кеш Қазақстан Республикасының Әнұранымен ашылды. Мектеп бітіру кешіне ауыл әкімі Кайржанов Саят Дулатұлы қатысып, жас түлектерге сәттілік тіледі.
Келесі құттықтау сөз мектеп директоры Жунусова Динара Музафаровнаға берілді. Мектеп басшысы өз кезегінде мектеп бітіруші жас түлектерге жүрек жарды ілебізін білдірді. Ата-аналар, алғашқы ұстаздары, сынып жетекшілері түлектерге ақ баталарын берді. Түлектерге аттестат тапсыру рәсімін мектеп директоры Жунусова Динара Музафаровна мен директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Беликова Р.Ф., жүргізді.
Келесі кезек мектеп бітіруші жас түлектерге берілді. Олар алтын ұя мектебі, ұлағатты ұстаздар, ата-аналары туралы өлеңдер оқып, әнмен шашу шашты. Ата-аналарда балаларына арнап тосын сый дайындаған екен. Ата-аналарда флешмоб биледі. Кеш соңы ата-аналарымен бірге соңғы вальс биін биледі.
Тәрбие ісінің меңгерушілері: Өмірзақ Д.