Есеп
2017 жылдың 22–маусымынан 12-шілде аралықта мектептің 1-4 сынып оқушылары «Балдәурен» атты жазғы сауықтыру лагерінде демалды. Барлығы 21 бала.
Лагерь жұмыстарын жүргізу үшін екі бөлме таңдалынып алынды.
Оның ішінде ойын, үйірме бөлмелері бар. Аталып өткен бөлмелер ақталып, тазартылып, қажетті құрал-жабдықтармен жабдықталды, тиісінше суреттермен, шарлармен безендірілді. Тәрбиешілер мен лагерь қызметкерлерінің көмегімен бөлмелер уақытында дайындалған еді. Аталып өткен ойын бөлмесінде балалар көп, әрі қызықты уақыттарын өткізді. Тәрбиешілермен түрлі ойындар ойнап, іс-шараларға белсенді қатысты. Үйірмелер бөлмесінде демалушылармен үйірме жұмыстары өткізіліп, балалар қызығушылықтары бойынша іс-әрекеттермен айналысты.
22 маусым күні лагерьдің ашылу салтанатына мерекелік концерт ұйымдастырылды. Концерттен кейін оқушылар табиғат аясына демалуға шықты. Түрлі қимыл-қозғалыс ойындарын ойнады.
23 маусым күні «Жүрегімде Астана» атты іс-шара өткізіп, оқушылардың ән айту,творчествалық қабілеттері сыналды.
26 маусым күні « Елімнің рәміздері» атты әңгіме жүргізілді, және балалар сурет салды. Олар үлкен қызығушылықпен бұл жұмысқа кірісіп, өте әдемі суреттер салды.
27 маусым күні «Не жоғалды?» атты ойын ойналып, жол тәртібіне байланысты әңгіме жүргізілді,интерактивті тақтамен слайдтар көрсетілді.
28 маусым күні « ХХІ-ғасыр көшбасшысы», сонымен қатар «Тапқыр болсаң, тауып көр», « Ғажайып алаң», «Ұлттық ойындар» тәрізді іс-шаралар өз мерзімінде жүргізілді.
Абулгазинова М.А. «Ертегілер әлемінде» атты балалар үшін ең қызыққа толы іс-шараны өткізді, сынып бөлмесінде оқушыларды ертегіден алынған ертегі кейіпкерлері күтті. Онда Жалмауыз кемпір мен Фея, Қарақшы Бұлбұл, Шрек пен Фиона сияқты кейіпкерлер орын алды. Балалар олардың тапсырмаларын орындай отырып көп сыйлыққа ие болды. Мультфильм көруге де үлгерді.
30 маусым күні Манекей Хайнар «Дарабоз» атты спорттық сайыс ойын түрінде ұйымдастырылған іс-шараны өткізді. Оқушыларды 2 командаға бөліп, бір-бірімен жарыстырды. Жарыс өте қызықты өтті. Командалар тиісті сыйлықтармен мадақталды. Бұдан кейін мектептің медицина қызметкері «Дені саудың,жаны сау» атты тазалық жөнінде әңгіме жүргізді.
Манекей Хайнар «Әнші балапан» конкурсын, «Мен сұлу» атты сайыстар ұйымдастырып кішкене талантты балапандарымызды анықтады.
12 шілдеде лагерьдің жабылу салтанатына орай ұйымдастырылған мерекелік концертте балалар өз өнерлерін барынша көрсетті. Олар өлең жолдарын оқыды, ән де шырқады, бірнеше би түрлерін билеп тамашалатты.
Соңында «Әрқашан күн сөнбесін» әнінің айтылуымен лагерь жабылды.
Мектептің медицина қызметкері де қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыздандырылып, жазғы демалыс кезіне оқушылар денсаулығын нығайту, салауатты өмір салтын насихаттау бойынша сауықтыру бағдарламасын құрастырғандықтан, лагерь кезінде оқушылармен әңгімелер, сабақтар өткізді. Күнделікті таза ауаға шығарып,қөзғалысты ойындар ойнау арқылы суыққа төзімділіктерін арттырды.
Мектеп асханасында балалар күнделікті дәмді тағамдармен тамақтанды. Асхана балаларды хош иістермен, тазалықпен қарсы алып отырды.
Лагерь қызметкерлері өз жұмысына жауапкершілікпен қарап, қызметтерін тиянақты орындады.
Абулгазинова М.А. бастауыш сынып мұғалімі