Қызылжар орта мектебінде
«Денсаулық күніне» өткізілген
іс-шаралар туралы
ақпарат
Қыркүйектің тоғызы күні Қызылжар орта мектебінде «Денсаулық күні» аталып өтті. Денсаулық күнінің жоспары бекітіліп, жоспар бойынша іс-шаралар өткізілді.
1-4 сыныптар арасында 800 метрге жүгірумен бірге көп сайыс өткізілді. 800 метрге жүгіруде ұлдар арасында бірінші орынды 4- сынып оқушысы Ельтаев Ерлан, екінші орынды 4- сынып оқушысы Дәулет Досжан, үшінші орынды 4- сынып оқушысы Ханат Оразалы иеленіп мақтау қағаздармен марапатталды. Қыздар арасында бірінші орынды 4- сынып оқушысы Мерген Айкербез иеленді. Екінші орынды 3- сынып оқушысы Тойлат Арай
, үшінші орынды 4- сынып оқушысы Аманжол Жансая иеленді. 1-4 сыныптар арасында өткізілген көп сайыс 8 жарыстан тұрды . Сегіз сайыстың қорытындысы бойынша «Қыран» тобы 5: 3 есебімен жеңіске жетті.
5-7 сыныптар арасында 1200 метрге жүгіру мен футболдан жарыс ұйымдастырылды. 1200 метрге жүгіруде бірінші орынды Нұрбек Қайнар,екінші орынды Максут Айсултан, үшінші орынды Азат Ераала иеленіп мақтау
қағаздармен марапатталды. Қыздар арасында 1200 метрге жүгіруден бірінші орынды 7-сынып оқушысы Шахманова
Алтынай, екінші орынды 7-сынып оқушысы Муканова Саида, үшінші орынды 7-сынып оқушысы Мерген Сайрангүл иеленіп, мақтау қағаздары берілді. Футболдан өткен жарысқа екі команда қатысты. Ойын соңында 4- 2 есебімен Мейрамхан Нұрболат капитан бастаған топ жеңіске жетті.
8-11 сынып оқушылары 1600 метрге жүгірді. Бірінші орынды физика пәнінің мұғалімі Мұратхан Елұзақ иеленді. Екінші орынды 11-сынып оқушысы Бошай Аманжол ,үшінші орынды Дробизов Даниил иеленді. Қыздар арасында бірінші орынды Азат Даметкен,екінші орынды Сиитова Замира, үшінші орынды Еркин Алтыннұр иеленді.
Ұстаздар арасындағы 800 метрге жүгіруде бірінші орын Өмірзақ Д, екінші орын Монголтан А,
үшінші орын Мухатай Айгерім иеленді. Денсаулық күні жоғары деңгейде ұйымдастырылды.
Тәрбие ісінің меңгерушісі Өмірзақ Д.