Қызылжар орта мектебінде
тілдер мерекесіне арналған
іс-шаралар туралы
ақпарат
22-қыркүйек тілдер мерекесіне орай қазақ тіл әдебиет пәнінің мұғалімдері Жаканова А.А, мен Өмірзақ Д, «Тіл ұлттық қазына» тақырыбында сайыс сабақ өткізді. Сабақтың мақсаты: Оқушылардың тіл жайында білімдерін тереңдету . Сөздің қорын, ой - өрісін дамыту .Тілді қадірлей білуге, патриоттық сезімге баулу. Сайыс сабақ 6 кезеңнен тұрды. Сабақтың барысы: 1 - бөлім “Бәйге”, 2 - бөлім “Көкпар”, 3 - бөлім ,“Зеректік”, 4 - бөлім “Шапшаңдық”, 5 - бөлім “Тапқырлық”,6 - бөлім “Шешендік” Сонымен, бірінші сайыста әр түрлі сұрақтар қойылады. Әрбір дұрыс жауапқа 5 ұпайдан қойылады. “Көкпар”кезеңнің шарты мынадай – алдарыңызда сандар жазылған парақшалар ілулі тұр. Сол сандардың біреуін таңдап алады. Сан жазылған парақшаның артында сұрақтар жазылған, сол сұрақтарға жауап берді. “Зеректік” кезеңде мақал - мәтел, тұрақты тіркестер оқылады, олардың бір сөзі түсіріліп оқылады. Сол сөзді тауып, оны 3 тілге аудару керек. 3 тілде де дұрыс жауап айтса 30 ұпай, 2 тілде дұрыс жауап айтса 20 ұпай, тек 1 тілде дұрыс жауап айтылса 10 ұпай қосылады. 4 - бөлім “Шапшаңдық” Бұл бөлімде сайысқа қатысушыларға бір сөз беріледі, сол сөзден жеке сөздер құрастыру керек. Барлық сөз таптарын қатыстыруға болады. Берілетін сөз – “Құрметтеулерінің” 5 - бөлім “Тапқырлық” Шашыраңқы сөздерден сөйлем құру. 6 - бөлім жасырын сөзді тап.
Алты кезеңнің қорытындысы бойынша «Шаңырақ» тобы 340:295 ұпаймен жеңіске жетті.
Қызылжар орта мектебінде 1-4 сыныптар арасында 18-қыркүйек күні «Тіл - достық көпірі» атты мерекелік іс-шара өткізілді. Іс шара барысында оқушылар тіл туралы өлеңдер оқыды. Тілдер және достық тобының арасында сайыстар өткізілді. Сайыс барысында оқушылар векториналық сұрақтарға жауап берді. Мақал-мәтелдерді орысшажәне қазақша нұсқасымен сәйкестендірді. Мақалдарды понтомимамен, яғни үнсіз қимылмен көрсету арқылы жасырды. Жеңген команда мүшелері сыйлықтармен мараппаталды. Оқушылардың бәрі қызыға ат салысты. Мерекелік іс-шара өте қызықты өтті.
Тәрбие ісінің меңгерушісі Өмірзақ Д.