"Ақмола облысы білім басқармасының Астрахан ауданы бойынша білім бөлімі Жаңатұрмыс ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" КММ
КГУ "Общеобразовательная школа села Жана-Турмыс отдела образования по Астраханскому району управления образования Акмолинской области"

Біз әлеуметтік желіде.

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубының жасаған жұмысы туралы ақпарат.

06.10.2017

Қызылжар орта мектебінде

«Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубының

жасаған жұмысы туралы ақпарат

       Қызылжар орта мектебі жоспарға сәйкес Қыркүйек айында Рухани адамгершілік және азаматтық - патриоттық тәрбиелеу контекстінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті мектеп ортасында қалыптастыру бағдарламасымен бекітілген модельді іс - шаралар жоспарына сәйкес мектепте «Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубы құрылды. Клубқа мүше оқушылардың тізімі, жұмыс жоспары бекітілді. 

Оқушыларға «Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубының мақсаты мен міндеттері таныстырылды.    Рухани адамгершілік және азаматтық - патриоттық тәрбиелеу. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзбеушілікті көрсететін құндылықтар жүйесін сақтау және нығайту, оқушылардың заң талаптарын сақтауға ынтасын қалыптастыру.

Мектепте сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасты нығайту бойынша бастамаларды көтермелеу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы сипаттағы іс-шараларды ұйымдастыру болып табылады.

«Парасатты азамат» бұрышы жасалды. Парасатты азамат бұрышының мақсаты; оқушыларды азаматтылыққа, отансүйгіштікке, адамның құқықтарына, бостандықтарына және міндеттеріне кұрметті, адамгершілік сезімдерге, еңбексүйгіштікке, сыбайлас жемқорлыққа төзбеу мәдениетіне тәрбиелеу.  

    5-11 сыныптар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында сынып сағаттары сыныптың жылдық жоспарына енгізіліп, сынып сағаттары өткізілді.

Қызылжар орта мектебінің Тарих пәнінің мұғалімі Бадила Сайран  «Қоғамдық тәртіп негіздері» пікірталас ұйымдастырды. Пікірталасқа 8-11 сынып оқушылары қатысты. мақсаты: оқушыларды үлкендер мен құрбыластарға деген сыпайылық, жалпыға бірдей міндетті ережелерді орындау, өз ауласындағы, көшесіндегі,тағы басқа да тәртіпке, тазалық пен әдептілікке тәрбиелеу.

Тәрбие ісінің меңгерушісі        Өмірзақ Д.

Просмотров: 383


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст