22 кыркүйек күні Қызылжар орта мектебінде 5-7 сыныптар арасында «Күзгі бал» мерекесі болып
өтті. Жауапты мұғалімдер Беликова Р.Ф, мен Монголтан Аманжол. Мұғалімдер құттықтау сөз сөйледі. Іс- шара жарыс түрінде өтті. Жарысқа 5 «А» сыныбынан Аманжол Аружан, 5 «Б» сыныбынан Саги Азия, 7 «А» сыныбынан Мерген Сайрангүл, 7 «Б» сыныбынан Муканова Саида қатысты. Жарыс сегіз бөлімнен тұрды. Сайыста мәнерлеп оқу, жұмбақ шешу, қимылмен өнер көрсету, сурет салу, салат жасау, гүл шоғын жасау, музыканы табу, сән көрсету бөлімдерден тұрды. Сайыс қызықты өтті. Сегіз сайыстың қорытындысы бойынша бірінші орынды 41 ұпай жинаған Муканова Саида, екінші орынды 31 ұпай жинаған Аманжол Аружан, үшінші орынды 30 ұпай жинаған Мерген Сайрангүл, төртінші орынды Саги Азия иеленді. Сайыс соңында жеңімпаздарға арнайы сыйлықтармен бірге мадақтау қағаздары табыс етілді.