"Ақмола облысы білім басқармасының Астрахан ауданы бойынша білім бөлімі Жаңатұрмыс ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" КММ
КГУ "Общеобразовательная школа села Жана-Турмыс отдела образования по Астраханскому району управления образования Акмолинской области"

Біз әлеуметтік желіде.

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

2017-2018 оқу жылының 18 - қарашасында Қызылжар орта мектебінде өткізілген аудандық семинардағы сабақтар туралы есеп.

12.11.2017

2017-2018 оқу жылының 18 - қарашасында

Қызылжар орта мектебінде өткізілген аудандық семинардағы сабақтар туралы есеп

2017 жылдың 18 қарашасында мектебімізде «Қазіргі заманғы сабақ- жеке тұлғаның шығармашылық

қарымын арттыру сабағы» атты аудандық семинар өткізілді. Семинарға ауданның төмендегідей  9 мектебінің мұғалімдері қатысты: Новочеркасс, Акимовка, Оксановка, Новоколутон, Старыйколутон, станция Колутон,

Астрахан № 2, Жалтыр №4, Жалтыр №2 . Мектебіміздің мұғалімдері тарапынан семинарда 6 ашық сабақ және сыныптан тыс іс-шара,  психологтың оқушылармен өткізген тренингі,  сондай-ақ  келген қонақтармен өткізілген коучингтері  ұсынылды. 

Семинарда қазақ тілі негізінде оқитын 1 «а» сыныбының жетекшісі Дюсембекова К.Е.  математика сабағынан «Жазық фигуралардың модельдері» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Жаңартылған білім бағдарламасы аясында өткізілген сабақ барысында мұғалім  жеті модуль әдісі бойынша құрылған тәсілді  қолданып, сабақтың барлық бөлімінде қолданып шықты.  Айталық белсенді оқыту тәсілінде «Сиқырлы дорба» ойыны бойынша оқушылар сипап сезу арқылы жазық және кеңістік фигураны анықтауы керек болған, «Мектеп сөмкесін жинауға көмектес» ойыны бойынша оқушылар өз сөмкелерінде қандай пішіндегі заттар бар екендігін атап берді. Ал, дифференцациялы тапсырмаларды орындауда оқушыларға дайын шилер, тұрмыстық рәзіңкелер, ермексаз сияқты ресурстар ұсынылып олардан кеңістік және жазық пішіндерді жасау тапсырмасы берілді. Қалыптастырушы бағалау мен оқушылардың өзін –өзі  бағалауы да өте ұтымды ойластырылып орындалды.

Сондай-ақ қазақ тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі Мустафина С.М. орыс  тілі негізінде оқитын 2 «Б» сыныбында «Мейірімді әже» тақырыбында  қазақ тілі пәнінен ашық сабақ өткізді. Бұл да жаңартылған білім мазмұнымен оқитын сынып болғандықтан сабақта айтылым, оқылым, тыңдалым, жазылым әдістері қолданылды.

Оқушылар диалог құру, сөздерді сәйкестендіру, көп нүктенің орнына әріпті қою сияқты тағы басқа тапсыпмалар орындады. Сабақта мұғалім алдына қойған мақсатына жете білді.

Сонымен қатар тарих пәнінің мұғалімі Бадила С.     5-11 сынып оқушыларының қатысумен «Танымал оқиғалар шежіресі» тақырыбындағы  тарихи журнал іс-шарасын өткізді. Іс-шарада биыл 20 жыл болатын айтулы даталар : қуғын сүргін құрбандарын еске алу күні жарияланғаны, астананы Алматыдан Ақмолаға көшіру шешімі қабылданғаны, 2030 стратегиясының жарияланағанымен қатар қоғамдық қызу талқыланып жүрген тақырыптар қарастырылды. Айталық, « Мәңгілік ел» идеясы, «Рухани жаңғыру» бағдарламасы, ЕХРО – 2017 халықаралық көрмесі.  Іс шара «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру  мақсатында қарастырылған шараның орындалуына қосылған  үлес ретінде өткізілді.

Оқу ісінің меңгерушісі С. Бадила

Просмотров: 316


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст