Текст
Өткен аптаның соңында Петровка ауылында Қошқарбай батырды еске алуға арналған еркін күрестен және қазақ күресінен жасөспірімдер мен жастар және ересектер арасында аудандық біріншілік болып өтті. Аудандық біріншілікке Қызылжар орта мектебінің палуандары барып күш сынасты.
26 кг салмақта үшінші орынды Филиппенко Никита, 38 кг салмақта Оспанов Алмаз үшінші орынды иеленді. 42 кг салмақта Кусаинов Ансар екінші орынды жеңіп алды. 55 кг Гасанов Владимир бірінші орын алды.