"Ақмола облысы білім басқармасының Астрахан ауданы бойынша білім бөлімі Жаңатұрмыс ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" КММ
КГУ "Общеобразовательная школа села Жана-Турмыс отдела образования по Астраханскому району управления образования Акмолинской области"

Біз әлеуметтік желіде.

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Үйде оқыту – оқыту қызметінің бір түрі.

17.11.2017

Үйде оқыту – оқыту қызметінің бір түрі.

Қазақстан Республикасы Занының 30-шы бабына сәйкес оның барлық азаматтарына мемлекеттік оқу мекемелерінде тегін орта білім алуға кепілдік беріледі. Орта білім беру міндетті болып саналады. Бірақ кейбір оқушылар бірінші қыркүйекте гүл шоғын алып және әдемі портфелін ұстап мектепке бармайды. Денсаулығының жағдайымен жалпы білім беретін мектептерде күндіз басқа балалармен бірге  сабақ  оқиалмайтын балалар бар, оларға сабаққа кіруге қоңырау соғылмайды. Мемлекет осындай балаларды үйде оқыту түрінде білім алуға заңды құқықпен қамтамасыз етеді. Іс жүзінде олар оқушылар санына қосылады, бірақ мектепке келмейді. Олар үйлерінде сабақ оқиды. Қазіргі кезде Қазақстар Республикасының «Білім туралы» ,   «Мүмкіндігі шектеулі балаларға әлеуметтік

және дәрігер-педагогикалық түзету қолдауы туралы» Заңдарына сәйкес  Қазақстан Республикасының білім беру

мекемелерінде жоспарлы, жүйелі түрде мүмкіндігі шектеулі балаларды оқыту жұмыстары жүргізіледі. Осылайша 

«Қызылжар орта мектебінің» ММ-сі көрсететін мемлекеттік қызметтер тізіміне «Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарына денсаулығына байланысты ұзақ уақыт бойы мектепке бара алмайтын баларды үйде жеке тегін

оқытуды ұйымдастыру үшін құжаттарды қабылдау» қызметі енеді.

Осы мемлекеттік қызмет стандартына сәйкес (Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 8 сәуірдегі  №174 бұйырығы) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қызметті алушы қызметті берушіге жүгінген кезде  қажетті құжаттар тізбесіне енетіндер:

1.     Өтініш (еркін нысанда);

2.    Үйде оқыту бойынша ұсынымдармен қоса дәрігерлік-консультациялық комиссияның  анықтамасы;

3.    Мүгедек балаларға ұсынылатын білім беру оқу бағдарламасы туралы психологиялық-медициналық-педагогикалық

консультация қорытындысы.

Осылайша арнаулы білім беру жүйесінде психологиялық-медициналық-педагогикалық консультация (ПМПК) алғашқы этап болып саналады.  ПМПК-ның міндеттері туғаннан бастап 18 жасқа дейінгі психофизиологиялық дамуындағы кез келген қиыншылықтары  бар балаларға диагностикалық тексеру және кеңес

беру, оқыту, тәрбиелеу, білім алуына құқығы барын белгілеу, медицмналық және әлеуметтік қызметтер туралы сұрақтарды шешу болып табылады.

Біздің мектебімізде ДККжәне ПМПК қорытындыларына сәйкес мүмкіндігі шектеулі балаларды жеке үйде оқыту жүргізіледі.  Қазіргі уақытта үйде екі бала оқытылады. Оқытуды тәжірибелі кәсіптік санаты бар педагогтар жүзеге асырады. Олар типтік арнаулы білім беру оқу бағдарламасына сай оқушының мүмкіндіктері физикалық

ерекшеліктерін есепке ала отырып жеке тақырыптық жоспарлау жасайды. Сабақ кестесі ата-аналарымен келісіп, мекетеп әкімшілігімен бекітіледі. Үйде оқитын балалар, оқу кезінде тегін оқулықтыр беріледі, мектеп кітапханасында бар оқу анықтамалар және басқа әдебиеттер беріледі. Үйде оқитын мүгедек – баласы бар ата-аналар, (заңды тұлғаларға) оқытуға кеткен шығындар мемлекттік нормативті қаржыландыру шығынын анықтап қайтарылады. Сабақтарда танымдық қызметі түзету, барлық психикалық процестерді дамыту, моториканы дамытуға бағыттап,    алуан түрлі жұмыстар жүргізіледі.  Мұғалімдер әр түрлі көрнекіліктер, дидактикалық ойындар, психомотрика және сенсорлық процестерді  дамытатын оқулықтарды қолданады. Алайда тек қана педагогтың күш салып жұмыс істеуі жеткіліксіз. Ерекше қамқорлық қажет ететін бала тәрбиеленіп отырған отбасымен бірлесе істеген жұмыс бұндай оқу түрінде негізгі болып саналады. Баланың оқуын жақсару жетістігі көбінесе мамандар мен ата-ананың бірігіп бір- бірін түсіну деңгейімен байланысты. Дамуында қиыншылықтары бар баланы оқыту және отбасылық тәрбиелеуде ата-аналармен  тығыз қарым-қатынаста жұмыс жасап және замануи әдістерді игеруі оңалу процесін ерекше жемісті етеді.

  Мектеп директоры    Жунусова Д.М.

Просмотров: 284


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст