Қарашаның он жетісі күні Қызылжар орта мектебінде жалпы ата-аналарға қоғамдық есеп беру жиналысы болып өтті.
Ата –аналар жиналысының тақырыптары: 2016-2017 оқу жылы және 2017-2018 оқу жылының бірінші тоқсаны бойынша есеп;
Мектепте құрылған қоғамдық кеңесі және ережелері туралы;
Мектеп психологінің балалар арасында алынған сауалнаманың қорытындысы туралы болды.
Алдымен мектеп диркторы Жунусова Динара Мұзафаровна бірінші тақырып бойынша 2016-2017 оқу жылы және 2017-2018 оқу жылының бірінші тоқсаны бойынша есеп берді. Артынша мектепте құрылған қоғамдық кеңестің құрамы және олардың міндеті туралы түсіндірді. Өз кезегінде мектеп психологі ата-аналарға дәріс оқып, оқушылардан алынған сауалнаманың қорытындысы мен таныстырды. Соңында балалар мен ата –аналар арасындағы қарым қатынас тақырыбындағы видео көрсетті.