Текст
Желтоқсан айының 15 күні Қызылжар орта мектебінде салтанатты түрде «Жасұлан» ұйымына оқушыларды қабылдау болып өтті. Салтанатты жиында мемлекеттік Ту әкелініп, Әнұран орындалды. Мектебімізден «Жасұлан» тобына 11 оқушы қабылданды. Қабылданған оқушылар салтанатты түрде ант қабылдады. Олар еліміздің өркендеуі мен гүлденуіне үлес қосатын, патриот болуға ант етті. Жиында ант берген оқушыларға мектеп мұғалімдері ақ тілектерін білдіріп, ақ жол тіледі. Мектеп мұғалімдерімен жоғары сынып оқушылары олардың мойындарына галстук байлады. Оқушылар өлеңдер оқып, ән шырқады.