2017-2018 оқу жылындағы
Қызылжар орта мекебінде
тарих және қоғамдық пәндер апталығы барысында
өткізілілген жұмыстар туралы
Е С Е П
2017-2018 оқу жылының 12 –17 қаңтары аралығында өткізілген Қызылжар орта мектебіндегі тарих және қоғамдық пәндер апталығы аясында төмендегідей ісшаралар мен ашық сабақтар өткізілді: 12 қаңтар күні тарих пәнінің мұғалімдері тарапынан «Тарихи күнтізбе» атты тақырыпта қабырға газеті шығарылды. Онда мұғалімдер апталықтың ашылу салтанаты ретінде оқушыларға қысқаша түсінік беріп, сұрақтар мен түрлі тапсырмалардан құрастырылған газетті апталық барысында назарда ұстап толтырып шығуларын өтінді.
Сонымен қатар апталық барысында тарих және қоғамдық пәндер мұғалімдері төмендегідей кесте бойынша ашық сабақтар мен сыныптан тыс іс шаралар өткізді:
№ |
Іс-шаралар атауы |
сынып |
мерзімі |
Жауаптылар | |
1 |
"Сақ патшайымы -Томирис" (ашық сабақ) |
5 «Б» сынып |
15.01 4 сабақ |
Бондарева Г.А. | |
2 |
«Викторина знаток истории Казахстан » (сайыс сабақ) |
6-11 «Б» сынып |
17.01 5 сабақ |
Бондарева Г.А. | |
3 |
«Берел қорғандары» ( ашық сабақ) |
5 «А» сынып |
13.01 4 сабақ |
Бадила С. | |
4 |
«Қазақстан тарихы –менің тарихым» сыныптан тыс сабақ |
7-11 "а" сыныптар |
16.01. 15.00
|
Бадила С. |
Қаңтардың 15-і күні мұғалім Бондарева Г.А. 5 «Б» сыныбында өткізген «Сақ патщайымы -Томирис» атты ашық сабақта оқушылар тарихи кезеңдерге арналған қысқаша мағлұматтармен танысып, түрлі тапсырмалар орындады. Мұғалім тарапынан берілген кез-келген тапсырманы оқушылар мұқият тыңдап нақты жауаптар беруге тырысты.. Сонымен қатар мұғалім тарапынан дайындалған тақырыпқа сай бейне көрініс тамашаланды.
13 -қаңтар күні пән мұғалім Бадила С.. 5 «А» сыныбында «Берел қорғандары» атты тақырыпта ашық сабақ өткізді. Сабақта сұрақ жауап, түртіп алу, жұптық жұмыс ,топтық жұмыс, сипаттап айт, шығармашылық жұмыс сияқты әдіс -тәсілдер қолданылды. Ой шақыру барысындағы сұрақтарға оқушылар жауабы тыңдалды. Тақырып бойынша интербелсенді тақтада берілген тапсырмаларды жұмысы дәптерлеріне жазылып, ары қарай оқушылар оқулықпен жұмыс жасады. Сондай-ақ, сабақта тақырыпқа сай бейнероликтер көрсетіліп, талқыланды. Берел қорғандары туралы ақпаратты кірістіре отырып өз ойларымен тақырыпты толықтырды. Шығармашылық жұмыстар барысында оқушылар төрт жол өлең, хат жазу , берілген материалдардан көшпелілер қорғанынан табылған бұйымның макетін жасау сияқты тапсырмалар орындады.Оқушылар хронологиялық кесте толтырып, сәйкестендіру тапсырмаларын да мүдірмей орындады.
Қаңтардың 16-сы күні 7-11 «А» сыныптары арасында пән мұғалімі Бадила С . «Қазақстан тарихы –менің тарихым» атты сыныптан тыс сайыс сабағын өткізді. Сайысқа «Ғасыр» және «Заман» атты екі топ қатысты, сегіз кезеңнен тұрды. Олар «Мен білемін», «Солай болған», «Жұмбақ оқиға», «Сәйкестендір», «Кейіпкерлер әлемі»,
«Тапқыр болсаң, тауып көр», «Жорға», «Капитандар сайысы» Әр кезеңнің белгіленген балдары бойынша топтардың ұпай сандары берілді.» Ғасыр» тобы жеңіске жетті.
Қаңтардың 17 - сі күні 6-11 «б» сыныптары арасында пән мұғалімі Бондарева Г.А. «Викторина знаток истории Казахстан» тақырыбындағы сыныптан тыс сабағы өтті. Бұл сабақта тарихи даталарға байланысты сөзжұмбақтар жасырылып, оқушылар жылдам жауап беріп жарысты. Сабақ сайыс түрінде өткізілді.
Оқу ісінің меңгерушісі: Бадила С.