19 сәуірде бастауыш сынып мұғалімі Гоманюк И.Г орыс тілінен 4 «Б» сыныбында «Планеталар шеруі. Сөйлемнің қосалқы мүшелері. Синтаксистік талдау.» атты ашық сабақ өткізді. Сабақтың мақсаты: сөйлемнің қосалқы мүшелерін анықтау, сөйлемнің грамматикалық негізін анықтау, сөйлемдерді талдауға үйрету.
Сабақтың оқу материалы оқушыларға қолжетімді, ғылыми, логикалық, жүйелі түрде құрастырылған. Қарым-қатынастың диалог және монолог сияқты түрлері қолданылды. Танымдық іс-әрекет репродуктивті, зерттеушілік сипатта болды. Сабақ жұптық, жеке және топтық жұмыстарды біріктірді. Бақылау деңгейі: фронтальды жеке, өзара тексеру. Сабақтың барлық құрылымдық элементтері бақыланды. Сабақ қорытындыланып, оқушылардың өзіндік іс-әрекетіне рефлексия жасалды. Сабақ заманауи талаптарға сай, мақсат-міндеттер орындалды.