Текст
13 сәуірде « Жаңа - Тұрмыс ауылының ЖОББМ » КММ - де биология және география пәнінің мұғалімі Мухатай Т. 8 «А» сыныбында биология пәнінен «Споралы өсімдіктердің тіршілік циклі» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Сабақ «Гүлмен тілек» атты психологиялық дайындықтан басталып, оқушылар бір-біріне тілек тіледі. Келесі кезеңде «Ой қозғау» әдісінде оқушылар сөзжұмбақ шешті. Сынып «Гематофит» және «Спорофит» атты 2 командаға бөлініп топтық жұмыс істеді. Сондай ақ бейнематериал арқылы жаңа сабақ түсіндіріліп, жаңа тақырып бойынша оқушылар постер сызды, сөйлемдерді сәйкестендіру тапсырмаларын орындады. Сабақ барысында жекеше жұмыс, топтық жұмыс, «Сергіту сәті» де болды. Оқушылар сабаққа белсене қатысты.