Текст
Жастар жылына арналған « Ақмола жұлдыздары» халықтық шығармашылық көркемөнерпаздар байқауы болып өтті. Көркемөнерпаздар байқауына 1-11 сынып оқушылары қатысты. Бұл байқауға мектеп оқушылары мен мектеп ұжымы жыл сайын қатысады. Осы жолғы көркемөнерпаздар байқауында әр түрлі жанрдағы әндер мен билер орындалды. Көркемөнерпаздар байқауына келген көрермендер мен аудан, облыстан келген қонақтардың да көңілінен шығып, жоғары бағасына ие болды. Байқауға қатысқан барлық өнерпаздар мадақтамалармен мадақталды. Осы сайысқа өз үлесін қосқан ата-аналарға, оқушыларға, ұстаздарға алғысымызды білдіреміз.