Мемлекеттік көрсетілген қызметтер бойынша
2021 жылға арналған есеп
1. Жалпы ережелер
2) мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы ақпарат:
2021 жылы «Ақмола облысының білім басқармасы Астрахан ауданы бойынша білім бөлімінің Жаңатұрмыс ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» КММ-де 10 мемлекеттік қызмет көрсетіледі;
2021 жылы «Ақмола облысының білім басқармасы Астрахан ауданы бойынша білім бөлімінің Жаңатұрмыс ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» КММ-мен 45 мемлекеттік қызметті көрсетілді, оның ішінде:
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы көрсетілген қызметтер саны – 6;
электрондық нұсқада көрсетілген қызметтер саны – 11;
қағаз түрінде көрсетілген қызметтер саны – 28.
Білім беру саласындағы барлық мемлекеттік қызметтер тегін көрсетіледі.
3) Неғұрлым сұранысқа ие мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы ақпарат:
«Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдары арасында балаларды ауыстыру үшін құжаттарды қабылдау»;
«Жалпы білім беретін мектептердегі білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарына тегін және жеңілдікпен тамақтандыруды ұсыну»;
«Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау».
2. Қызмет алушылармен жұмыс:
1) Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы ақпаратқа қол жеткізу көздері мен орындары туралы мәліметтер.
Мемлекеттік қызмет алушылар үшін мектептің ақпараттық стендтерінде мемлекеттік қызмет көрсетудің стандарттары мен ережелері орналастырылған. Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы жұмыс істейді.
2) мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің жобаларын жария талқылаулар туралы ақпарат.
Қазіргі уақытта заңға тәуелді құқықтық актілердің жобаларын жария талқылау «Ақмола облысының білім басқармасы Астрахан ауданы бойынша білім бөлімінің Жаңатұрмыс ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» КММ сайтында жүзеге асырылады. Мектеппен нормативтік-құқықтық актілер әзірленбеді.
3) мемлекеттік қызметтер көрсету процесінің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар (түсіндіру жұмыстары, семинарлар, кездесулер, сұхбат және басқалар).
2021 жылы «Ақмола облысының білім басқармасы Астрахан ауданы бойынша білім бөлімінің Жаңатұрмыс ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» КММ-де мектеп ғаламтор-ресурсы арқылы мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы халықты ақпараттандыру бойынша жұмыс жүргізілді.
3. Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін жетілдіру жөніндегі қызмет.
1) Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін оңтайландыру және автоматтандыру нәтижелері.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендету және мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын арттыру мақсатында «Ақмола облысының білім басқармасы Астрахан ауданы бойынша білім бөлімінің Жаңатұрмыс ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» КММ Аkmola.kz мектеп бірыңғай ақпараттық жүйеде жұмыс істейді. Жүйеде 1 автоматтандырылған мемлекеттік қызмет іске асырылуда.
Сондай-ақ, 2020 жылдан бастап «Ақмола облысының білім басқармасы Астрахан ауданы бойынша білім бөлімінің Жаңатұрмыс ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» КММ-де Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ҚР БҒМ ММ АЖО жүйесі жұмыс істейді, онда 3 мемлекеттік қызмет қолжетімді.
2) мемлекеттік қызметтер көрсету саласында қызметкерлердің біліктілігін арттыруға бағытталған іс-шаралар.
«Ақмола облысының білім басқармасы Астрахан ауданы бойынша білім бөлімінің Жаңатұрмыс ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» КММ-де қажетті компьютерлік техникамен қамтамасыз етілген және 2017 жылы мемлекеттік қызметтер бойынша біліктілікті арттыру курстарынан өткен мемлекеттік қызметтерді 1 қызметкер көрсетеді.
4. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылау
1) Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті алушылардың шағымдары туралы ақпарат.
2021 жылы мемлекеттік қызмет көрсету туралы шағымдар түскен жоқ.
2) мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына қоғамдық мониторинг нәтижелері.
2021 жылы мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері бұзылған жоқ.
5. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің одан әрі тиімділігін және оның сапасына қыметті алушылардың қанағаттануын арттыру
2022 жылы «Ақмола облысының білім басқармасы Астрахан ауданы бойынша білім бөлімінің Жаңатұрмыс ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» КММ жеке және заңды тұлғаларға мемлекеттік қызмет көрсету сапасын жақсарту бойынша жұмыс жалғастырылатын болады..
Мектеп директоры Д.Жунусова
Орынд. С.Абулгазинова
Тел.28341