11 ақпанда қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Жаканова А.А. қазақ тілі апталығы аясында «Мәңгілік ғұмыр» атты мектепшілік Мұқағали Мақатаев оқуларын өткізді Мұқағали оқуларына 5-11 сынып оқушылары қатысты. Сайыс барысында әділқазылар алқасы қазақ, орыс сыныптарын жеке бағалады. Оқушылар ақының өлеңдерін жатқа айтудан жарысқа түсті. Ақын өлеңдерін нақышына келтіріп оқыған оқушылар жүлделі орынға ие болды. Жарыс қорытындысы бойынша қазақ сыныптары арасында ақынның 30 өлеңін жаттаған 8 «А» сынып оқушысы Аманжол Жансая I- орын иеленді, II - орын Аманжол Аружан 9 «А» сынып оқушысы және III- орынға екі оқушы Сұраған Ертай мен Жамболат Таңшолпан 8«А» сынып оқушылары иеленді. Орыс сыныптары арасында I орынға Максут Айсултан 9 «Б» сынып оқушысы, II орынға Чибисова Анастасия 9 «Б» сынып және III орынға Гордиевич Евгений 8 «Б» сынып оқушысы мен Филиппенко Никита 6 «Б» сынып оқушысы иеленді.