Құрметті Астрахан ауданының мектеп оқушыларының ата-аналары!
2022 жылғы 17 қаңтарда 2021-2022 оқу жылының III тоқсаны басталады. Қазақстан Республикасының аумағында коронавирустық инфекцияның пайда болуы мен таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия отырысының 2022 жылғы 12 қаңтардағы хаттамасына сәйкес мектептерде 600 - ге жуық оқушы штаттық форматта, 600-ден астам оқушысы бар мектептерде қашықтықтан оқыту форматында оқытылады. Астрахан ауданында барлығы 31 ауыл мектебі бар. Соның ішінде КММ «Астрахан ауылының №2» ЖОББМ оқушылары 1-2 сыныптарда штаттық оқу форматы, 3-5 сыныптарда - кезекші сыныптар, 6-11 сынып оқушылары қашықтықтан оқуды бастайды. КММ «Астрахан ауылының №2» ЖОББМ оқушылар саны 6-11 сынып аралығында 309,0-сыныптарда 71, барлығы 380 оқушы толық, компьютер, смартфон, планшет және ноутбуктармен қамтылған.
Спорттық секциялар, үйірмелер де штаттық режимде өткізіледі.Мектеп бітірушілер үшін емтиханға, ҰБТ - ға дайындық бойынша қосымша сабақтар барлық санитарлық-эпидемиологиялық нормаларды сақтай отырып, мектепте өткізіледі.
Құрметті ата-аналар, III тоқсанды біз сіздермен бірге ұйымдасқан түрде бастауымыз керек.Оқушыларды сапалы оқыту тек біздің бірлескен жұмысымызға байланысты. Оқу үдерісін ұйымдастыру мәселелері бойынша білім бөлімінің Call орталығының 8-716-41-2-36-84 телефонына немесе жеке өзіме, білім бөлімінің басшысына 8-702-197-04-54 хабарласуларыңызға болады.
ММ «Астрахан ауданы бойынша білім бөлімінің» басшысы
Г.Шаяхметова