Желтоқсанның 14 күні «Ақмола облысының білім басқармасының Астрахан ауданы бойынша білім бөлімі Жаңатұрмыс ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» КММ -де 1-4 сыныптар арасында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «30 игі іс» жоспары аясында ертеңгілік болып өтті. Бастауыш сыныптарының мұғалімдері Мухатай Айгерім мен Шарипова Гульмира Омержановнаның ұйымдастыруымен дайындалған шағын концерттік іс шара қазақ тілі және орыс тілі негізінде оқитын сыныптарды санитарлық талаптардың сақталуына байланысты жеке өткізілді. Оқушылар Ұлық мереке еліміздің Тәуелсіздігі күніне арналған тақпақ, ән, би, көріністерін ортаға салып, көрерменге тарту етті. Сондай ақ мереке қарсаңында өткізілген түрлі аудандық, мектепішілік іс шараларда жеңіске жеткен оқушыларды марапаттау рәсімі орын алды.