«Ақмола облысының білім басқармасыныңАстрахан ауданы бойынша білім бөлімі Жаңатұрмыс ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» КММ інде Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналған жоспарға сай «30 игі іс» шарасы аясында қазақ тілі және әдебиеті пәндері мұғалімдері Жаканова Айжарқын Абаевна мен Өмірзақ Дәулеттің ұйымдастыруымен «Абай дана, Абай дара қазақта» атты мектепішлік Абай оқулары байқауы өткізілді. Байқауға жиырмадан астам бала қатысып, өздерінің жаттаған өлеңдерін мәнерлер айтып сайысты. Сайыстың шарты бойынша қазақ тілі негізінде және орыс тілі негізінде оқитын сыныптардың оқушылары жеке- жеке бағаланатыны айтылды. Сөйтіп қазақ тілінде оқитын оқушылар арасынан 30 өлеңді жатқа айтқан 8 cынып оқушысы Ханат Оразалы І орын, 9 өлеңді жатқа және өте жақсы нақышпен айтқан 9 сынып оқушысы Оспанов Фархад ІІ орын, ал үшінші орын 9 өлеңнен жаттаған 8 сынып оқушысы Сұраған Ертай, 7 сынып оқушысы Адилет Мадина мен 9 сынып оқушысы Жаканова Айнұрға берілді. Орыс тілі негізінд оқитын сыныптарда өлең сандары аз болғандығына байланысты әділ қазылар І және ІІ орындар беруден бас тартты. Тек ІІІ орын 6 cынып оқушысы Каланова Малика мен 8 сынып оқушысы Гордиевич Евгениге берілді.