Текст
2021 жылдың 7 шілдесінде мектеп жанындағы "Туристер" жазғы алаңының 2 ауысымы ашылды. 6 шілдеде біздің еліміз Астана Күнін атап өтті. Лагерьдің бірінші күні елдің басты қаласына арналды. Балалар викторинаға қатысып, Нұр-Сұлтанның көрікті жерлерімен танысып, қала бойынша виртуалды саяхат жасап, "Менің Отаным"суреттерін салды. Содан кейін тәрбиешілер балаларды жұмыс жоспарымен таныстырды, жасақтар құрылды, жасақ әндері, ұрандары таныстырылды, лагердің туы мен эмблемасы жасалды. Сол күні лагерьдің бұрышы безендіріліп, қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқаулық өткізілді. Жұмыс уақытында оқушылар ойнады, сурет салды, белсенді қатысты. Күн көңілді өтті.