«Бата беру – ата салтымыз».

17.10.2026

«Жаңатұрмыс ауылының ЖОББМ» КММ-де бастауыш сынып апталығы аясында бастауыш сынып мұғалімі Абулгазинова М.А. 3 «А» сынып оқушыларымен әдебиеттік оқу пәнінен «Бата беру – ата салтымыз» тақырыбында сабақ өткізді.
🎯 Сабақтың мақсаты: Оқушыларға қазақ халқының ұлттық дәстүрлерінің бірі – бата берудің маңызы мен тәрбиелік мәнін түсіндіру, шығармашылық жұмыстарын сурет және сценарий түрінде ұсынуға үйрету, практикалық және бағалауға негізделген сұрақтар қою және оларға жауап беру дағдыларын дамыту.
✨ Сабақ барысында оқушылар түрлі әдіс-тәсілдер арқылы қызықты тапсырмалар орындап, бата туралы сұрақтарға жауап берді, мақал-мәтелдердің мағынасын ашты және ақ тілекке толы бата құрастырды. Топтық және жұптық жұмыстар арқылы өзара ынтымақтастық танытып, білімдері мен шығармашылық қабілеттерін көрсетті.
 Сабақтың тәрбиелік мәні – оқушыларды үлкенді құрметтеуге, кішіге ізет көрсетуге, ұлттық салт-дәстүрді қадірлеуге, адамгершілік пен ізгілікке тәрбиелеу.
 «Батамен ел көгерер, жаңбырмен жер көгерер» демекші, халқымыздың асыл мұрасын жас ұрпақтың бойына сіңіру – маңызды міндеттердің бірі. 

 

Просмотров: 239


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу