"Ақмола облысы білім басқармасының Астрахан ауданы бойынша білім бөлімі Жаңатұрмыс ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" КММ
КГУ "Общеобразовательная школа села Жана-Турмыс отдела образования по Астраханскому району управления образования Акмолинской области"

Біз әлеуметтік желіде.

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

ZOOM платформасында педагогикалық тәжірибені жинақтау және оқу-әдістемелік кешендерді әзірлеу бойынша кустық семинар өткізілді.

24.12.2025

Қызылжар ауылдық округінің білім беру ұйымдары бойынша Жол картасын іске асыру аясында ZOOM платформасында педагогикалық тәжірибені жинақтау және оқу-әдістемелік кешендерді әзірлеу бойынша кустық семинар өткізілді.
Семинардың мақсаты: тиімді педагогикалық тәжірибені жинақтау, жүйелеу және таратуға жағдай жасау, сондай-ақ оқу-әдістемелік кешендерді әзірлеу және оларды білім беру үдерісіне енгізу мәселелері бойынша педагогтердің кәсіби құзыреттілігін арттыру.
Семинар барысында  «Жаңатұрмыс ауылының  ЖОББМ»КММ,  «Акимовка ауылының НОМ» КММ  және «Оксановка ауылының НОМ» КММ педагогтері өзара кәсіби тәжірибе алмасып, тиімді педагогикалық тәжірибелерді, оқу-әдістемелік кешендерді әзірлеудің заманауи тәсілдерін, сондай-ақ білім беру үдерісінің сапасын арттырудың өзекті мәселелерін талқылады.
Семинардың онлайн форматы педагогтердің белсенді өзара іс-қимылын қамтамасыз етіп, кәсіби байланыстарды кеңейтуге және сындарлы диалог жүргізуге қолайлы жағдай жасады.
Әдістемелік қызметті дамытуға қосқан үлестері мен нәтижелі жұмыстары үшін барлық қатысушыларға алғыс білдіреміз! 

 

 

 

Просмотров: 1337


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст