Текст
1 қыркүйек – Білім күні. Мектеп табалдырығын алғаш аттап, жаңа өмірге қадам басатын 1 сынып оқушылары үшін бұл ерекше сәт. Осыған орай еліміздің барлық білім орындарында "Алғашқы қоңырау" мерекесі ұйымдастырылады. "Жаңатұрмыс ауылының ЖОББМ" КММ-де де дәстүрлі іс-шара аталып өтті. Салтанатты жиынға бірінші сынып бөбектері мен ата-аналары, мектеп оқушылары мен педагогикалық ұжым және құрметті қонақ Астрахан ауданы әкімінің орынбасары Муканов Руслан Жақсылықұлы қатысты.