Текст
11 сәуір күні бастауыш сынып мұғалімдерінің апталығы аясында 3 «Б» сыныбында әдебиеттік оқу пәнінен ашық сабақ өтті. Сабақты бастауыш сынып мұғалімі Гоманюк И.Г. өткізді. Сабақтың тақырыбы: Ш. Құдайбердіұлының «Асыл тастар тостағаны». Сабақ барысында оқушылар судың пайдасын талқылап, «Су – тіршілік» атты кластер құрады. «Инсерт» әдісі арқылы балалар жаңа шығармамен танысты. Оқығандарын талдау кезеңінде оқушылар шығармашылық жұмыстар арқылы аяқтады. «Суды қалай үнемдеуге болады» тақырыбында парақша құрастырды. Сабақ соңында , қорытынды шығарылып, бағалар қойылды.