Текст
"Жаңатұрмыс ауылының ЖОББМ" КММ- нің қазақ тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі Өмірзақ Д. қазақ тілі және әдебиеті апталығы аясында 7 сыныпта М.Жұмабаевтың «Батыр Баян» поэмасы тақырыбында ашық сабақ өткізді. Сабақта оқушылар шығарманы талдап, түрлі әдіс-тәсілдер арқылы тақырыпқа талдау жасады. Белсенді тақта арқылы бейнебаян тыңдалып, шығарма кейіпкерлері туралы қосымша ақпараттар айтылды. Сабақ барысында оқушылар жұптық және жеке тапсырмаларды тыңғылықты орындап, сабаққа белсенді қатысып, өз білімдерін нығайтып, мол мағлұмат алды.